Мұнай шикiзатын тасымалдау жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 17 қарашадағы N 520-ө Өкiмi. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Теңiз - Астрахань - Тихорецк - Новороссийск маршруты бойынша мұнай экспорты үшiн тасымал жүйесi құрылысы жөнiндегi Каспий мұнай құбыры Консорциумы туралы келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi: 
      "Тенгизшевройл" бiрлескен кәсiпорнымен мұнай шикiзатын тасымалдау жөнiнде Консорциум директорларымен келiсiлген тариф пен негiзгi шарттар негiзiнде келiсiм жасассын; 
      валюталық реттеу, салық салу, жер пайдалану, қаржыландыру, активтер енгiзу, мемлекеттiк басқару органдарымен бiрлесе қимыл жасау мәселелерi бойынша кеңестермен ұсыныстар дайындайтын мүдделi министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнен жұмыс тобын құрсын. 

       Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады