Ұлттық валюта - теңгенi қолдау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 25 ақпан 1994 ж. N 74-ө
2. Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Сауда үйiне және оның Қазақстан Республикасындағы филиалына үкiмет пен банктiң тиiстi кепiлдiгi берiлiп, ол 50 млн. АҚШ доллары сомасына импорт бойынша тауар сатып алуды жүзеге асыратын болсын.
3. Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Сауда үйiнiң Алматы филиалы жасаған мiндеттемелерi бойынша төлеу кепiлдiгiн берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң кепiлдiгiмен Қазақстан Әлем Банкi келiсiмдер мен контрактiлердiң жүзеге асуы үшiн шетелдiк фирманың (банкiнiң) алдында кепiл болсын.
5. Республиканың валюталық биржасы, уәкiлдiгi бар банктерi Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Сауда үйiнiң Алматыдағы филиалына жасасылған контрактылар мен келiсiмдер бойынша мiндеттемелерiн орындау үшiн ұлттық валютаны (теңгенi) басымдық тәртiбiмен еркiн айналыстағы валютаға айырбастап берудi жүзеге асырсын.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз