"Cable and Wireless" фирмасымен жұмыс iстеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 23 мамыр 1994 ж. N 210-ө

      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен "Cable and Wireless" фирмасы арасындағы 1994 жылғы 21 наурыздағы Меморандумның қағидаларын жүзеге асыру мақсатында
      1. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгiне:
      - Қазақстан телекоммуникацияларын жекешелендiрудiң техникалық-экономикалық негiздемесiн /ТЭН/ әзiрлеу жөнiнде "Cable and Wireless" фирмасы өкiлдерiмен бiрлесiп жұмыс iстеуi үшiн оперативтiк топ құру:
      - техникалық-экономикалық негiздеменi /ТЭН/ әзiрлеу барысында шетел

инвестициясын тарта отырып, Қазақстан телекоммуникация жүйесiн
модерлендiру мен кеңейту мәселелерiн көздеу:
     - техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеушiлердi Қазақстан
Республикасының Байланыс министрлiгiнде қазiрде бар контрактылық
мiндеттемелердi ескере отырып, қолдағы тораптардың жағдайы мен оларды
дамыту жоспары туралы қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету тапсырылсын.
     2. Осы өкiмнiң 1-тармағында көрсетiлген техникалық-экономикалық
негiздеменi "Cable and Wireless" фирмасы өз қаражаты есебiнен 1994 жылдың
15-тамызына дейiнгi мерзiмде әзiрлейтiнi және бұл ретте ТЭН-нiң:
     - қазiргi бар желiлердiң бағалануын;
     - басымдықпен дамытылатын желiлер мен жаңа қызмет тiзiмiн;
     - мұнай мен газ өндiретiн аймақтардағы желiлердi дамытуға
ұсыныстарды;
     - жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн;
     - селолық телекоммуникация желiлерiн;
     - модерлендiру кезеңдiк жоспарларын /жылдық кезеңдi қоса/;
     - тарифтер бойынша ұсыныстарды;
     - стандарттарға қатысты ұсыныстарды;
     - қаржыландыру жоспары;
     - акционерлендiру және қарыз жөнiнен қаржыландыру бойынша 
ұсыныстарды;
     - сапаны жақсарту бағдарламасын;
     - нөмiрлеу жоспарын;
     - құрылымды қайта құруды;
     - жұмыспен қамту және мамандар даярлау саясатын;
     - жергiлiктi өндiрiс пен iшкi инвестициялау бойынша ұсыныстарды
қамтитыны еске алынсын.


      3. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу жұмысын аяқтағаннан кейiн Республика телекоммуникацияларын шетел инвестициясын тарта отырып, оның iшiнде осы мақсат үшiн халықаралық консорциум құру арқылы модерлендiру мен дамытудың негiзгi бағыттары бойынша қажеттi ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.

       Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады