Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi депутаттарының қызметiн қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 24 маусым 1994 ж. N 262-ө<*> ЕСКЕРТУ. Премьер-министрiнiң 1994.11.11. N 454-ө өкiмiн қарау кажет. ~R940454

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi депутаттарының қызметiн қамтамасыз ету туралы" Жоғарғы Кеңестiң 1994 жылғы 26 сәуiрдегi қаулысына байланысты:
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттарын қызмет пәтерлерiмен қамтамасыз ету үшiн "Самал-2" шағын ауданында Ауыл шаруашылығы министрлiгi салып жатқан 36 пәтерлi екi үйдi (16, 17 бос алаңдар) және Университет көшесi 40-үйдегi "Агроөнеркәсiпэнерго" акционерлiк қоғамының 96 пәтерлi тұрғын үйiн Алматы қалалық әкiмшiлiгiне беру туралы Алматы қаласы мен облысы әкiмшiлiктерiнiң ұсынысы қабылдансын.
      2. Алматы қаласының әкiмi:
      аталған тұрғын үйлердiң құрылысын 1994 жылы аяқтасын;
      "Самал-2" шағын ауданындағы тұрғын үйлер пайдалануға қосылған соң оларды Жоғарғы Кеңес Аппаратының қаржы-шаруашылық iсi басқармасының балансына берсiн;
      Университет көшесi, 40-тұрғын үйдегi пәтерлердiң келiсiлген мөлшерiн Жоғарғы Кеңестiң қаржы-шаруашылық iс басқармасының балансына берсiн;
      аталған үйлердiң құрылысына қатысқан үлес қосушы кәсiпорындармен және ұйымдармен пәтерлердi өзара қарызға бөлiсу жөнiнде шарттар жасайтын болсын.
      3. "Мамыр-7" шағын ауданындағы тұрғын үйлердi (187, 188, 189 бос алаңдар) олардың құрылысы аяқталған соң Жоғарғы Кеңестiң депутаттарын қызмет пәтерлерiмен қамтамасыз ету үшiн Алматы қаласының әкiмi Жоғарғы Кеңес Аппаратының қаржы-шаруашылық iс басқармасының балансына беретiнi еске алынсын.
      4. Алматы қаласының әкiмiне:
      жоғарыда аталған құрылыс салушыларға құрылыс барысында жұмсалған қаражаттың толық орнын толтыру, Алматы қаласында жаппай үй салынып жатқан ауданнан пәтерлердi iшiнара қайтару түрiнде өтем жасау жөнiндегi есеп-қисапты 7 күн мерзiм iшiнде Қаржы министрлiгiне түсiру тапсырылсын.
      5. Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Жоғарғы Кеңес депутаттарының республика шегiнде көлiктiң барлық түрiмен, сондай-ақ мемлекеттiк қоғамдық көлiкте (таксиден басқа) тегiн жүруiн қамтамасыз етсiн.
      6. Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттары және олардың зайыптарына (жұбайларына) емдеу мен санитарлық-курорттық қызмет көрсетудi Үкiмет мүшелерiне белгiленген жағдайда қамтамасыз етсiн.
      7. Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттi қараған кезде Жоғарғы Кеңестi ұстауға қажеттi қаражат бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      8. Жергiлiктi әкiмдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi депутаттарының жер-жерде өз өкiлеттiгiн орындауына, соның iшiнде автокөлiк берiлуiне жәрдем көрсетсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады