Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi құнарландыру қондырғысының кешенiн салу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 27 қыркүйек 1994 ж. N 387-ө
1. Пропилендi құнарландыру кешенiн салу орнын Павлодар мұнай өңдеу зауытынан Атырау қаласындағы "Полипропилен" акционерлiк қоғамының алаңына көшiру туралы Павлодар мұнай өңдеу зауыты мен "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясының ұсынысы қабылдансын.
2. Кешен құрылысын шетелдiк кредиттердi тарту арқылы өтемдiк негiзде салуға рұқсат етiлсiн, ал кредит "Полипропилен" акционерлiк қоғамы мен Павлодар мұнай өңдеу зауытының өнiмдерiн экспорттау есебiнен өтелетiн болсын.
3. "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясы, "Полипропилен" акционерлiк қоғамы және Павлодар мұнай өңдеу зауыты үстiмiздегi жылы өз өнiмдерiн экспортқа сатудан алған қаражаты есебiнен кредит желiсiн ашу үшiн аванстық жарна өткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiк аталған құрылысты салуға арналған кредит желiсiн ашу туралы мәселе қарасын және Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiне тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз