Түстi металдар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 29 қыркүйек 1994 ж. N 392-ө

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасын (Мемқойма) оған түсетiн өнiмдердiң сапасын тексеруге қажет құнды металдардың стандарттық үлгiлерiмен қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасына түстi металдарды өңдеу жөнiндегi Екатеринбург зауытында алыс-берiс шарттары бойынша қымбат металдардың стандарттық үлгiлерiн жасау үшiн және дайын өнiмдi Қазақстан Республикасына мiндеттi түрде қайтаратын етiп Россия Федерациясына 2601,2 грамм күмiс және 699,06 грамм платина жiберуге рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасына 2601,2 грамм күмiс пен 699,06 грамм платинаны сыртқа шығаруға лицензия берсiн.
             Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады