Вексельдiк айналым туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 11 қазан 1994 ж. N 418-ө
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне осы жылдың 15 қазанына дейiн Аударатын және қарапайым вексельдер туралы Уақытша ереженi және Қазақстан Республикасының резиденттер емес банктерiнiң вексельдерiмен есеп айырысудың Уақытша тәртiбiн бекiту ұсынылсын.
2. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Алматы қор биржасымен бiрлесе отырып осы жылдың қазанына дейiн қабылданған ереженiң негiзiнде кәсiпорындарда вексельдермен операциялардың есебiн жүргiзудiң және салық салудың тәртiбiн әзiрлесiн.
3. "Экибастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамына сынау тәртiбiмен "Угольбанк" өкiл банкi арқылы Тверьуниверсалбанктiң вексельдерiмен Россияның кәсiпорындарымен тиелген өнiмдер үшiн осы құжаттар әзiрленгеннен кейiн есеп айырысу жүргiзуге рұқсат берiлсiн.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз