Қазақстан Республикасының экономикасында төлем жасамау себептерiн жедел қарау және есеп айырысуды қалыпқа келтiру жөнiнде шешiмдер қабылдау мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының арасындағы өзара төлемдердi реттеу жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия мына құрамда құрылсын: Есенғарин Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары (төраға) Соболев В.В. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары (төрағаның орынбасары) Саметов З.Д. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi (хатшы) Комиссия мүшелерi: Алейников С.А. - Жоғарғы Кеңес депутаты - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң хатшысы (келiсiм бойынша) Анафин Е.Х. - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары Атшыбаева Р.Р. - Қазжолбанк басқармасының төрағасы (келiсiм бойынша) Бектаев Е.К. - Ақпарат және экономикалық интеграция орталығының директоры (келiсiм бойынша) Бердалиев Б.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы бастығының орынбасары Бисенов М.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Ерещенко В.Г. - "Алматыэнерго" энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас бухгалтерi Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары Қайырова Д.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Ұлттық шоттар жүйесi бас басқармасының бастығы Кәкiмжанов З.К. - Қазақстан Республикасының Халық банкi басқармасының төрағасы Мусин С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы бастығының бiрiншi орынбасары Назаров В.К. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының кеңесшiсi (келiсiм бойынша) Нұрғалиев Е.К. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Обаева А.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жүйесi басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Смағұлов Ш.С. - Жоғарғы Кеңес депутаты - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Экономикалық реформа жөнiндегi комитетiнiң мүшесi Тоқаев О.С. - Тұранбанк басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары 2. Комиссия: 10 күн мерзiм iшiнде комиссия жұмысының жоспарын бекiтсiн;
республикадағы халық шаруашылығының салалары бойынша төлем тәртiбiнiң жағдайы мен төлем жасамау дағдарысының себептерiн жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы Премьер-министрге ай сайын хабарлап отырсын;
жұмыс жоспарына кейбiр толықтырулар мен өзгертулер енгiзуiне рұқсат етiлсiн;
қаржылық мүмкiндiктерi бола тұра, төлем жасамай отырған, оның үстiне жалақы төлеудi әдейi кешiктiрiп немесе есеп айырысу-төлем жасау мен қаржы тәртiбiн өрескел бұзып отырған кәсiпорындарға, ұйымдарға және олардың басшыларына ықпал ету мақсатымен, қолданылып жүрген заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн;
жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен банкiлерiне төлем жасамау дағдарысының проблемаларын шешу және халық шаруашылығында есеп айырысу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде шұғыл шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi жергiлiктi жерлерде Қазақстан Республикасының кәсiпорындары арасындағы өзара төлемдердi реттеу жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрсын.
Премьер-министр