Ұшулардың қауiпсiздiгiн арттыру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы төрағасының өкiмi 1994 жылғы 5 желтоқсан N 32-6
Дегенмен ұшулардың қажеттi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жағдайы, әсiресе, авиакомпаниялардың халықаралық туристiк авиарейстердi /шоп-турлар/ орындауы кезiнде күрделi күйiнде қалып отыр. Жекелеген жағдайларда әуе кемелерiне шамадан тыс жүк тиелуiне жол берiледi. Жүк пен багажды орналастыру тәртiбi бұзылады. Самолеттерге май толық құйылмауы себебiнен аралық қонулар жасалады. Жағдай әуе кемелерiнiң, жер бетiндегi инженерлiк құрылыстар мен жабдықтардың техникалық және моральдың тозуынан ауырлап отыр. Осылай бола тұра бұл мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әуе көлiгi департаментi Бас инспекциясы тарапынан тиiстi талаптар қойылмай отыр.
2. Ұшулардың қауiпсiздiгiн арттыру, әуе кемелерi мен аэродромдардың техникалық жай-күйi мен пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында:
"Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы, Қазақстан Республикасының басқа да авиакомпаниялары бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң келiсуiмен орындалатын ұшулардың тиiстi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi отын құйып алу нормативтерiнiң сақталуына, жүктердi орналастырудың дұрыстығына, оның iс жүзiндегi салмағы мен тасымалдау құжаттамасының сәйкес болуына бақылау жасау үшiн республиканың авиакомпанияларында сапарға шығушы, келген туристiк және жүк тасуға жалданған самолеттерге тұрақты түрде iшiнара тексеру жүргiзсiн. Тәртiп бұзушылықтар анықталғанда кiнәлi авиакомпанияларға белгiленген тәртiппен пайдаланушы куәліктерiнен айырғанға дейiн ең қатал ықпал ету шараларын қолдансын.
Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары халықаралық ұшуларға арналған шарттарды жасау кезiнде, тиiстi құжаттарды толтыру кезiнде жүктiң дұрыс тиелуi мен белгiленген талаптардың сақталуы үшiн мiндеттi түрде тапсырыс берушiнiң жауапкершiлiгiн белгiлейтiн болсын. Шарттарды орындамаған жағдайда шартты бұзу және айыппұл шараларын қолдануға дейiн оны қайта қарайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
Әуе көлiгi департаментi Бас инспекциясын нығайту және оның рөлiн көтеру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының ұшу қауiпсiздiгiнiң қажеттi шарттарын қамтамасыз етуге көңiл бөлудi күшейтсiн.
Төраға
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз