Валюта операцияларын жүргiзу үшiн аудиторлық фирмаларды iрiктеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi Бiрiншi орынбасарының Өкiмi 26 сәуiр 1994 ж. N 4-14-ө. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

      1. "Қазақстан Республикасында валюта нарығын дамыту жөнiндегi

шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Президентiнiң 1993 жылғы 31
желтоқсандағы N 1484  

U931484_

  Жарлығына сәйкес экспорттаушы 
кәсiпорындарда валюта операцияларының дұрыс жүргiзiлуiн тексерудi 
жүзеге асыру үшiн аудиторлық фирмаларды конкурспен iрiктеп алуды 
қамтамасыз ету мақсатында мынадай құрамдағы Комиссия құрылсын:
Айымбетов С.С.    - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                    жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау 
                    комитетiнiң төрағасы (төраға)
Баранов А.П.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                    бiрiншi орынбасары
Жандосов О.Ә.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi
                    төрағасының бiрiншi орынбасары
Костюченко В.В.   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                    бiрiншi орынбасары
Сазанов С.С.      - Қазақстан Әлем Банкi басқармасы төрағасының
                    бiрiншi орынбасары


      2. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi белгiленсiн.
      3. Комиссия бiр апта мерзiмде "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Қазақстан жаршысы" және "Вестник Казахстана" газеттерiнде конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн, тәртiбi мен тапсырылу мерзiмiн жариялайтын болсын.
      4. Конкурстан өтiп, тексерулердi жүзеге асырған аудиторлық

фирмалар Комиссияға анықталған тәртiп бұзушылықтар мен кемшiлiктердi
жою жөнiндегi қажеттi ұсыныстармен қоса нәтижелерi туралы есеп
табыс ететiн болып белгiленсiн.
     5. Комиссияға тексеруге және аудиторлық анықтамалар мен 
қорытындыларда баяндалуға жататын мәселелер тiзбесiн әзiрлеу және
тексерулер нәтижелерi туралы аудиторлық фирмалар есебiн Үкiметтi 
хабардар ету үшiн қорытындылау жүктелсiн.
     
     Премьер-министрдiң
     Бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады