Қазақстан Республикасы Президенті актiлерiн орындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 17 ақпандағы N 64-р Өкiмi

      Мемлекеттiк басқару органдары басшылары мен лауазымды адамдарының Президенттiң актiлерiн, Үкiметтiң шешiмдерiн және Қазақстан Республикасы Басшылығының тапсырмаларын сөзсiз орындаудағы жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында:
      1. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi өздерiнiң бiрiншi орынбасарларына Президент актілерiнiң, Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерi мен Қазақстан Республикасы Басшылығының тапсырмаларын орындаудың жай-күйi үшiн тiкелей жауапкершiлiк мiндетiн жүктейтiн болсын.
      2. Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар Президент актiлерiнiң жобасын дайындаған кезде сонымен бiр мезгiлде нақты мерзiмi мен орындалуына жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, оларды жүзеге асыру жөнiндегi Үкiмет шешiмiнiң жобасын дайындауды қамтамасыз етсiн.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен қаулыларын жүзеге асыру жөнiндегi өз құжаттарын оларды алғаннан кейiн бiр апта мерзiмде бекiтсiн.
      3. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi алқаның әрбiр мәжiлiсiндегi мәселелердiң бiрiнде Президент актiлерi мен Үкiмет шешiмдерiн жүзеге асырудың барысын талқылайтын болсын, директивтi органдардың шешiмдерiн орындауды қамтамасыз етпейтiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, аудандар мен қалалардың басшыларына, оларды лауазымынан босатуға дейiн баратын талап қою күшейтiлсiн.
      4. Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы 1995 жылғы екiншi тоқсанда Iс Басқармасы бөлiмдерiнiң, министрлiктер мен ведомстволардың орындаушылық тәртiбiнiң жай-күйi туралы мәселенi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Төралқасының талқылауына енгiзетiн болсын.
      Министрлер Кабинетiнiң, Министрлер Кабинетi Төралқасының мәжiлiстерiнде және Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң тиiстi орынбасарларында негiзгi әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша мемлекет Басшысының актiлерiн орындау туралы мемлекеттiк басқару органдары басшыларының ай сайын есеп беруi мұнан былай да дағдыға айналдырылсын.
      5. Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Жалпы бөлiмi Қазақстан Республикасының Премьер-министрiне Министрлер Кабинетi мен оның Төралқасының мәжiлiстерiнде аталған тапсырмаларды орындаудың жай-күйi туралы, сондай-ақ келiп түскен корреспонденциялар жөнiнде апта сайын баяндап отыратын болсын.
      6. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқарушысы С.Ж.Әбiшевке жүктелсiн.
 
      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады