Қара және түстi металдардың, одан жасалған бұйымдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының қозғалысына мемлекеттiк бақылауды күшейту туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 31 мамырдағы N 194. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.02.12. N 15 өкімімен. ~R990015


      Қара және түстi металдар сынықтары мен қалдықтарын ұрлау, халық шаруашылығы саласындағы жабдықтарды бөлшектеу фактiлерiне жол бермеу, қара және түстi металдардың, одан жасалған бұйымдардың, сондай-ақ олардың сынықтары мен қалдықтарының қозғалысына мемлекеттiк бақылауды күшейту мақсатында:
      1. Экономиканы тұрақтандыру кезеңiнде металл сынықтарын өңдейтiн кәсiпорындарға қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын мамандандырылмаған кәсiпорындар, басқа заңды және жеке тұлғалар қайдан алғаны туралы құжат ұсынбай қабылдауға уақытша тыйым салынсын.
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспортына рұқсатты тек мамандандырылған кәсiпорындар үшiн және облыс әкiмдерiнiң өтiнiмi бойынша ғана ресiмдесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Түстi және қара металдардың тиiмдi пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Металл жөнiндегi мемлекеттiк инспекция) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп қара және түстi металдарды, одан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ олардың сынықтары мен қалдықтарын пайдалануды реттейтiн нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Металл жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және прокуратура органдарымен бiрлесiп жабдықтарды бөлшектеу, қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын ұрлау фактiлерiн анықтау жөнiнде шаралар қабылдасын және кiнәлiлер заңда белгiленген жауапкершiлiкке тартсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Металл жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясының қатысуымен кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың қара және түстi металдардың сынығы мен қалдықтары бойынша есеп беруiн Қазақстан Республикасы бухгалтерлiк есебiнiң әзiрленiп жатқан стандартына енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Металл жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясына қара және түстi металдарды жинау, дайындау және жөнелту жөнiндегi статистикалық есеп ұсынсын.
      5. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Металл жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияға жүктелсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады