Метрополитеннiң құрылысы туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 1995 жыл 15 қыркүйектегi N 352
1. Алматы қалалық әкiмшiлiгi мен СЛИИ/Гюриш консорциумы арасындағы Алматы метрополитенiнiң бiрiншi кезеңiн iске қосу кешенiнiң құрылысын аяқтау жөнiндегi бiрлескен жұмысы туралы 1995 жылғы 5 мамырдағы ниет хаттамасы мақұлдансын.
2. Алматы метрополитенiнiң құрылысын аяқтау жобасы мемлекеттiк бюджеттен немесе үкiмет кепiлдемелерiнен қолдау табатын мемлекеттiк инвестициялық жобалар тiзбесiне енгiзiлсiн.
3. Жоғарыда аталған ниет хаттамасына сәйкес СЛИИ/Гюриш консорциумы жобаны қаржыландырудың сыртқы көздерiн /ұзақ мерзiмдi жеңiлдiк кредиттерiн/ iздестiру жөнiнде өзiне мiндеттеме алатындығы ескерiлсiн.
4. Алматы қаласының әкiмi, "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ы СЛИИ/Гюриш консорциумын тарта отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне жобаны сараптамадан өткiзу үшiн қажеттi материалдардың әзiрленуiн және ұсынылуын қамтамасыз ететiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
- жобаны сараптаудан өткiзсiн және оның қорытындысын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке ұсынсын;
- Алматы қаласының әкiмiмен және СЛИИ/Гюриш консорциумымен бiрлесе отырып, шет елдердiң қаржы институттарымен ұзақ мерзiмдi жеңiлдiк кредитiн алу мәселесiне келiссөздер жүргiзуге қатысатын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып, сараптама қорытындысы жөнiндегi тиiстi шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
7. Алматы қаласының әкiмi осы өкiмнiң орындалуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз