"Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ-ның өнiмдерiн сату жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 17 қазан N 390-ө. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.06. N 1462 қаулысымен.

      Қаржы қаражатын тарту және "Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ-ның жұмысын тұрақтандыру мақсатында:
      1. "Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ-ның өнiмдерiн сату жөнiндегi бас агент болып "Қазақстан сауда" АҚ-ы белгiленсiн. "Қазақстан сауда" АҚ-ның бас директоры К.Б. Хайыров "Қарағанды металлургия" комбинаты" МАҚ-да бюро ашатын болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақстан сауда" АҚ-ының өтiнiмi бойынша ТМД мен Қазақстан аумағында комбинат өнiмдерiн жеңiлдiктi тарифпен тасу жоспарын, вагондардың дер кезiнде берiлуiн және "Достық-Алашанькоу" өткелiнде өнiмдердiң ауыстырылып тиелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. "Қазақстан сауда" АҚ-ы комбинаттың контрактiлерi бойынша барлық төлемдер мен есеп айырысуларды "Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ-ын жедел басқару жөнiндегi комиссияның төрағасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкi басқармасының төрағасымен келiсу бойынша Халық банкiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң корреспонденттiк шоттары арқылы жүргiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi комбинат өнiмдерiнiң жiберiлуiн тек "Қазақстан сауда" АҚ-ы жасаған әрi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде тiркелген контрактiлер бойынша ғана қамтамасыз етсiн.
             Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады