Атырау қаласындағы "Ойлфилд Лоджистикс" акционерлiк қоғамына "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнымен 1993 жылғы 23 сәуiрдегi контрактыға сәйкес кәсiпшлiк-геофизикалық және байқау-жарылыс жұмыстарын жүргiзу

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкімі 1995 жылғы 18 қазан N 392-ө

      1. Атырау қаласындағы "Ойлфилд Лоджистикс" акционерлiк қоғамына "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнымен 1993 жылғы 23 сәуiрдегi контрактыға сәйкес кәсiпшілiк-геофизикалық және байқау-жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасына Түрiкменстан Республикасынан саны 907 дана Н448246 және Н543128 кумулятивтiк зарядтарын әкелуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан Түрiкменстан Республикасына саны 8580 дана Н429586 және Р448220 кумулятивтiк зарядтарын, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына-саны 12368 дана Н304952,Н24273, Н24270, Н334378 51 ВНJ11НМХ және ұзындығы 1000 фут Н543012 тұтандырғыш бау әкетуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Ойлфилд Лоджистикс" акционерлiк қоғамына өнеркәсiптiк жарылғыш материалдардың көрсетiлген санын белгiленген тәртiппен әкелуге және әкетуге лицензия берсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады