Акционерлiк қағамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 24 қазан N 411-ө

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кәсiпорындарының негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату процесiн жеделдету мақсатында:
      1. Облыстардың әкiмдерi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттермен және жергiлiктi салық қызметтерiмен бiрлесiп екi апта мерзiмде жаппай жекешелендiру шеңберiнде мемлекеттiк пакеттерi сатылуға тиiс акционерлiк қоғамдар акцияларының эмиссия проспектiлерiн ұсынуды қамтамасыз етсiн әрi 1995 жылғы 15 қарашаға дейiн оларды Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында тiркесiн.
      Мемлекеттiк пакеттерi 1995 жылы ақша аукционына сатуға шығарылатын акционерлiк қоғамдар акцияларының эмиссия проспектiлерiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына бiрiншi кезекте ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мемлекеттiк пакеттерi 1995 жылы ақша аукционына сатуға шығарылатын акционерлiк қоғамдар акцияларының эмиссия проспектiлерiн уақтылы тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары В.В.Соболевке жүктелсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады