Үкiмет Аппаратының Басшысы мен оның орынбасарлары арасында мiндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1995 жылғы 13 қараша N 0456. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1996.06.07. N 270 өкiмiмен.


     Үкiмет Аппаратының Басшысы мен оның орынбасарлары арасында 
мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

     Премьер-министр

                                      Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-министрiнiң   
                                      1995 жылғы 13 қарашадағы
                                      N 456 өкiмiмен белгiленген

          Үкiмет Аппаратының Басшысы мен оның 
          орынбасарлары арасында мiндеттердi 
                        Бөлу

          Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының
                   Басшысы Е.Ә.Өтембаев

     Аппараттың және оған бағынысты ұйымдардың қызметiне жалпы
басшылық.


      Республикада экономикалық және әлеуметтiк дамуға талдау жасау мәселелерi, экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысына бақылау ұйымдастыру.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен оның Төралқасының мәжiлiстерiн өткiзу, Үкiмет қаулыларының және Премьер-министр өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу мәселелерi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Парламентпен, Президент Әкiмшiлiгiмен және аумақтар әкiмiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылданған қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Парламентi актiлерiнiң Үкiметтiң құзыретiне жататын бөлiгiнiң орындалуын ұйымдастыру.
      Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.
      Үкiмет тағайындайтын министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және басқа да орталық органдар басшыларын өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн ойдағыдай орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар әзiрлеу.

     Мемлекет иелiгiн алу, жекешелендiру, кәсiпкерлiктi дамыту
мәселелерi.
     Бюджеттi, кредит саясатын, ақша айналысын, еңбектi және
халықты жұмыспен қамтуды, шетел инвестицияларын қалыптастыру
жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
     Үкiметтiң Экономикалық реформалар орталығы, Баспасөз қызметi
жұмысының мәселелерi.
     Ә.М.Қажыгелдин мен Н.Қ.Есенғариннiң Кеңесшiлерi топтарының
     Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмiнiң 
     Экономикалық саясат бөлiмiнiң 
     Кадр жұмысы бөлiмiнiң 
     Үкiмет Кеңсесiнiң жұмысын үйлестiру.

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                 Басшысының бiрiншi орынбасары
                        Б.Т.Биманбетов

     Материалдық өндiрiс және өндiрiстiк емес салаларды, оның 
iшiнде аграрлық өнеркәсiп кешенiн мемлекеттiк басқару iсiн
үйлестiру мәселелерi. Ғылыми-техникалық прогресс.
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiн ұйымдық және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерi.
     Өнеркәсiп саясаты бөлiмiнiң
     Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң
     Агроөнеркәсiп секторындағы реформалар бөлiмiнiң
     Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
     Қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң
     Қазақстан Республикасына сiңiрген ерекше еңбегi үшiн 
зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссия хатшылығының
     Үкiмет Аппаратының Өндiрiстiк-пайдалану бөлiмiнiң жұмысын
үйлестiру.

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                     Басшысының орынбасары
                          С.И. Шуткин


      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығы құқығын iске асыру мәселелерi, Үкiмет қабылдайтын нормативтiк актiлердiң Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен үйлесуiн қамтамасыз ету.

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн министрлiктердiң,
мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы
органдардың орындауын бақылау жұмысын үйлестiру.
     Н.А.Шайкеновтың кеңесшiлерi тобының
     Қорғаныс және тәртiп бөлiмiнiң
     Заң бөлiмiнiң
     Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Парламентiндегi
өкiлдiгiнiң жұмысын үйлестiру.

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Басшысының
             орынбасары - Аумақтың даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
                               Қ.Е.Көшербаев


      Аумақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамыту мәселелерi. Үкiметтiң аймақтардағы шешiмдерiнiң орындалуын бақылау, жергiлiктi атқарушы органдардың кадр мәселелерi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты бөлiмдерiнiң аймақтық проблемаларын шешу, республикалық шаралар өткiзу кезiндегi жұмысын үйлестiру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады