2. "Достық" автомобиль өткiзу пунктiнiң үйлер кешенi белгiленген тәртiппен "Достық" кеденiнiң балансына берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қытай Халық Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен "Достық" автомобиль өткiзу пунктiн ресми түрде пайдалануға беру туралы ноталар алмастырсын.
4. Талдықорған облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң және басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп, "Достық" автомобиль өткiзу пунктiн пайдалануға беру жөнiндегi ресми шаралардың бағдарламасын пысықтасын.
5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне жүктелсiн.
Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары