Халықты, шаруашылық объектiлерiн және жердi селден қорғауды қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы төрағасының Өкiмi 1995 жылғы 24 мамыр N 32-10-ө

      Үстiмiздегi жылғы ерте көктемде жоғары температура жағдайы байқалып отыр, соның салдарынан таулы аудандардағы қар қорының едәуiр азаюына байланысты күштi нөсер жаңбырдың жаууы мен ауаның күрт қызу мүмкiндiгiнен сел құбылыстарының айтарлықтай жандануы мүмкiн.
      Халықты, шаруашылық объектiлерiн және жердi селден сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, Iшкi iстер министрлiгi, Азаматтық қорғаныс штабы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы, "Қазселденқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгi, басқа да мүдделi министрлiктер, ведомстволар мен ұйымдар селге қарсы қорғаныс жөнiндегi алдын алу жұмыстары кешенiн жүзеге асыруды нақты мерзiмдерде қамтамасыз етсiн, оның iшiнде:
      қажет болған жағдайда сел тасқыны мен су жайылу қаупi кезiнде немесе пайда болғанда халықты, кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi хабарландыру схемасын жаңартсын және толықтырсын, көшiру жоспарлары мен маршруттарын қайта қарасын, алдын-ала және авариялық-құтқару және табиғат апаттарының зардаптарын жою жұмыстарын жүргiзуге тартылатын техникалық құралдар мен ұйымдарды айқындасын;
      халықты, кәсiпорындар мен мекемелердiң қызметкерлерiн, оқушылар мен студенттердi сел құбылыстарынан болған төтенше жағдайлар кезiнде iс-әрекет жасау ережесi тәртiбiнде қосымша оқып-үйретудi ұйымдастырсын;
      объектiлердiң басымдығын ескере отырып, елдi мекендердiң, шаруашылық объектiлерiнiң және жердiң сенiмдi қорғалуын бағалау жөнiнде жұмыс жүргiзсiн және нақты сел болу қаупi бар жағдайда объектiлердi жабуға немесе қауiптi аймақтардан әкетуге дейiн шаралар қолдансын;
      өте қауiптi кезеңде сел қаупi бар аймақтарда өткiзу режимiн енгiзсiн, мамандар мен жауапты адамдардан тәулiк бойғы кезекшiлiк ұйымдастырсын, селден қорғау шараларын жүргiзуге байланысты гидрометерологиялық және басқа ақпараттарды қабылдау-берудi жүйелi түрде жүзеге асырсын;
      бiр ай мерзiм iшiнде арнаулы мәжiлiстерде сел қаупiне арнаулы қызметтердiң дайындығы туралы басшылардың есебiн тыңдасын, мұнда байқаушы пункттердiң техникалық байқау және байланыс құралдарымен жабдықталуына, құлақтандыру жүйелерiнiң мүлтiксiз жұмыс iстеуiне, авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерiнiң өздерiне жүктелген мiндеттерiн жедел орындау әзiрлiгiне баса назар аударылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы, "Қазселденқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгi селдiң болуына себепшi жағдайларды үздiксiз бақылау мен баға берудi қамтамасыз етсiн және селдiң пайда болу қаупi жағдайында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына, жергiлiктi әкiмшiлiкке, мүдделi министрлiктерге, ведомстволар мен ұйымдарға күтiлiп отырған құбылыстар туралы жедел хабарлайтын болсын.
      3. "Қазселденқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгi:
      сел қаупi кезеңi басталғанға дейiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы төрағасының 1994 жылғы 2 қарашадағы N 32-3 өкiмiне сәйкес құрылған комиссиясы айқындаған селден қорғау құрылғыларында бар барлық кемшiлiктердi жойсын;
      1995 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына республиканың сел қаупi бар аудандарында гидрометеорологиялық жағдайлар жөнiнде күн сайын бюллетень берiп тұрсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазселденқорғау"

өндiрiстiк бiрлестiгiне республикалық бюджетте көзделген 
операцияларға жұмсалатын шығыстарға, күрделi құрылыстарға және
Талғар өзенi бассейнiндегi авариялық-қалпына келтiру жұмысын
жүргiзуге 1995 жылға және осы жұмыс жөнiндегi 1994 жылғы 
берешегiн өтеу үшiн қаражатты дер кезiнде бөлудi қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Төтенше жағдайлар жөнiндегi
     мемлекеттiк комиссиясының
             Төрағасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады