Мемлекеттiк гидрометеорология қызметiн сақтау және одан әрi дамыту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi Бiрiншi орынбасарының Өкiмi 1995 жылғы 28 наурыздағы N 7-19

      Мемлекеттiк гидрометеорология қызметiн сақтау және одан әрi дамыту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорологиялық жөнiндегi Бас басқарма 1995-1997 жылдарға арналған Гидрометеорологиялық қызметтi кешендi дамыту бағдарламасының жобасын және Қазақстан Республикасының аумағында табиғи ортаның ластануын байқайтын гидрометеорологиялық станциялардың, постылар мен пункттердiң мәртебесi туралы Ереженi екi ай мерзiмде әзiрлеп, Үкiметтiң бекiтуiне ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi автоматтандырылған байқау жүйелерiн модерлендiру, гидрометеорологиялық ақпараттарды жинау мен өңдеу жөнiндегi жұмыстарды аяқтауға 1995 жылы "Телекоммуникация мен байланыстың қазiргi жүйелерiн дамытудың" Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының тапсырмалары шеңберiнде қаражат бөлiнуiн қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Экономика министрлiгiнiң және Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша бiр ай мерзiм iшiнде гидрометеорология жүйесiнiң қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары мен жұмыс ерекшелiгi үшiн үстеме ақы белгiлеу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi сұраныс пен жасалған шарттарға сәйкес гидрометеорологиялық бейiмдегi қажеттi мамандарды даярлауды қамтамасыз етсiн.
      5. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi гидрометеорология қызметiне:
      қиын-қыстау жерлердегi гидрометеорология станцияларын азық-түлiкпен, жанар-жағар май материалдарымен және отынмен қамтамасыз етуде;
      гидрометеорологиялық байқау пункттерiнiң төңiрегiнде қорғалым аймақтарының сақталуына жан-жақты қолдау көрсетсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармаға гидрометеорология және табиғи орта мониторингi саласында барлық мәселелердi жүргiзу және Қазақстан Республикасын көрсету, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда климаттың өзгеруi туралы БҰҰ-ның Негiзгi Конвенциясы мен озон қабатын қорғау туралы Вена Конвенциясы бойынша мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындау тапсырылсын.
     Премьер-министрдiң
     бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады