Қайталама шикiзатын жинау және жөндеу жөнiндегi қызмет аясында бәсекелестiктi дамыту, тауарлар рыногын ырықтандыру мен экономикалық өсудiң алғы шартын жасау мақсатында*:
1. "Қызылорда целлюлоза-картон зауыты", "Павлодар картон-рубероид зауыты" акционерлiк қоғамдарының, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Орал, Темiртау, Ақтөбе, Қызылорда және Семей өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорындарының Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi мақұлдаған Қызылорда және Павлодар қалаларында қайталама шикiзатын жинау және өңдеу жөнiнде акционерлiк компаниялар (акционерлiк қоғамдар) құру туралы ұсынысы қабылдансын.
----------------------------
* Кен шығару, металлургиялық, металл өңдеу, химиялық
және мұнайхимиялық өндiрiстердiң қалдықтарынан басқа
Бағалы шикiзат ретiнде республика зауыттары мен фабрикаларында өңдеу үшiн қайталама ресурстарын жинау жөнiндегi технологиялық процестерге халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тарту аталған компаниялардың негiзгi мiндетi болып саналсын.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және суда министрлiгi Қызылорданың әкiмiмен және "Қызылорда целлюлоза-картон зауыты" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың II тоқсанында Қызылорда қаласында республиканың оңтүстiк және батыс аймақтарында құрамында N 1 қосымшаға сәйкес өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдары бар "Қазақ Қағазы" акционерлiк қоғамының базасында қайталама шикiзатын жинау және өңдеу жөнiнде құрылатын акционерлiк компания қатысушыларының ұйымдастыру жиналысын өткiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi Павлодардың әкiмiмен және "Павлодар картон-рубероид зауыты" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде солтүстiк және оңтүстiк аймақтарда құрамында N 2 қосымшаға сәйкес өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар бар осы акционерлiк қоғамының базасында қайталама шикiзатын жинау және өңдеу жөнiнде акционерлiк компания құру жөнiнде ұйымдастыру жұмысын жүргiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн аталған компаниялар құрамына кiретiн жаңадан құрылған акционерлiк компанияларына берсiн, олар кейiн 1995-1996 жылдары сату және сатып алу құқығын иеленетiн болсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚРҮ-нiң 1996.04.25. N 507 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп қайталама шикiзатын жинаумен және өңдеумен айналысатын кәсiпорындар үшiн электр энергиясы мен темiржол тасымалына тарифтердi азайту мүмкiндiгiн
қарастырсын.
6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары,
облыстардың әкiмдерi аталған акционерлiк компанияларға
республика аумағында қайталама шикiзатын жинау және өңдеу
жүйесiн дамытуға, оның мемлекеттiк маңыздылығын ескере отырып,
көмек көрсететiн болсын.
Премьер-министрдiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрi
бiрiншi орынбасарының
1995 жылғы 11 мамырдағы
7-34 өкiмiне
1 қосымша
Қызылорда қаласында қайталама шикiзатты жинау
және өңдеу жөнiндегi құрылатын акционерлiк
компанияның базалық қатысушы-кәсiпорындарының
Тiзбесi
"Қазақ Қағазы" АҚ (бас) Қызылорда қаласы
"Қызылорда целлюлоза-картон зауыты" АҚ
"Вторма" АҚ, Алматы қаласы
Талдықорған өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Орал өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Ақтөбе өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Қостанай өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Қарағанды өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Темiртау өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Жамбыл өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Шымкент өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Қызылорда өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Ақтау өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Атырау өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Маңғыстау өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
"Баспагер" концернi, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрi
бiрiншi орынбасарының
1995 жылғы 11 мамырдағы
7-34 өкiмiне
2 қосымша
Павлодар қаласында қайталама шикiзатты жинау
және өңдеу жөнiндегi құрылатын акционерлiк
компанияның базалық қатысушы-кәсiпорындарының
Тiзбесi
"Павлодар картон-рубероид зауыты" АҚ (бас)
Павлодар өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Өскемен өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Семей өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Көкшетау өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Петропавл өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Жезқазған өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны
Ақмола өндiрiстiк-дайындаушы кәсiпорны