Шетел инвестициялары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 14

      Шетел инвестицияларын тарту және оларды жекешелендiру арқылы Қазақстан Республикасының алтын өндiру салаларындағы кәсiпорындарын дамытуды жеделдету мақсаттарында:
      1. Индонезия, Малайзия, Сингапур, Канада, Ұлыбритания шетел

компаниялары топтарының Қазақстанның алтын өндiру өнеркәсiбi
кәсiпорындарын инвестициялауға қатысуы туралы ұсынысы қабылдансын.
     2. Инвестицияларды тарту туралы және Бақыршық бiрлескен
кәсiпорнының, "Ақбай кен-байыту комбинатының", сондай-ақ
"Алтыналмас" акционерлiк компаниясының мемлекеттiк мүлкiн
жекешелендiру туралы келiссөздер жүргiзу және бiрлескен ұсыныстар
даярлау үшiн мына құрамда жұмыс тобы құрылсын.

     Мұртазаев М.А.         - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                              және сауда министрiнiң бiрiншi
                              орынбасары, төраға
     Имашев Б.М.            - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                              мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                              комитетi төрағасының орынбасары
     Раханов М.С.           - Қазақстан Республикасының Жекешелен.
                              дiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                              бiрiншi орынбасары
     Мақұлбеков Н.А.        - "Алтыналмас" акционерлiк компаниясының
                              президентi

     Жұмыс тобына Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан
келiссөздер жүргiзуге құқық берiлсiн.


      3. Жұмыс тобы материалдарды 1996 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын, ресiмдеудi осы жылғы 25 қаңтарға дейiн аяқтасын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады