Нарық қатынастарын дамытуды жеделдету, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 18 қаңтардағы N 24-ө
1. "Алматы үй құрылысы комбинаты" акционерлiк жобалау-құрылыс корпорациясының балансынан құрылыс салудың жалпы жоспарына сәйкес қосалқы объектiлерiмен және маңындағы аумағымен N 2 темiрбетон бұйымдарын жасау цехы "Интекс" құрылыс концернiнiң баласына берiлсiн.
"Интекс" концернi цехтың құнын 5 жыл бойы бөлiп төлесiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (С.С.Қалмырзаев) корпорацияның жарғы қорындағы мемлекеттiң үлесiн аталған цехтың құнына кемiтуге қатысты "Алматы үй құрылысы комбинаты" корпорациясының құрылтайшылық шартына өзгертулер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1995 жылғы 16 ақпандағы N 46 шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз етiп, N 2 цехтың баланстан балансқа берiлуiн он күн мерзiмде жүзеге асырсын.
3. "Интекс" құрылыс концернi N 2 цехтың жоғары өнiмдi жұмысын және объектiлердi салу жөнiндегi қойылған мiндеттердiң уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз