Бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi және мақсатты пайдалану туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 46
1. 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджетте тұратын Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарманың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарындағы шаруашылық жүргiзудiң жаңа шарттарының күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте тұратын Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы мен оның ведомстволық бағыныстағы мекемелерiнiң шығыстарын жоспарлау мен қаржыландыруды Қазақстан Республикасының бюджеттiк мекемелер үшiн белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз