Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қаржы мәселелерi
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 12 ақпандағы N 0069
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне техника сатып алуға, сақтандыру полистерiн, бланк өнiмдерiн әзiрлеуге, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы республикалық бағыныстағы ұйымдар мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударатын сақтандыру төлемдерi арқылы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына жiберiлетiн аударымдар есебiне, кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына аударылатын болып 10 /он/ миллион теңге бөлсiн;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорымен бiрлесiп осы өкiмге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры туралы" N 1295 P951295_ қаулысының 3-тармағында қарастырылғанға сәйкес, Қорға бөлiнген сомаларды есептеу тетiгiн бiр ай мерзiмде айқындасын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз