Кинологиялық қызметтi жетiлдiру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 25 наурыз N 135
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жер қатынастар және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Кинологтар одағына ауданы 50 шаршы метр үй-жай және жаттықтыру алаңы мен ит серуендету үшiн ауданы 2 га жер учаскесiн бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Кинологтар одағын телефон байланысымен толық көлемде қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Кинологтар одағымен бiрлесiп асыл тұқымды күшiктердi өсiру мен жаттықтыру питомнигiн, ветеринарлық сауықтыру орны мен жаттықтыру алаңын құру үшiн өзара тиiмдi негiзде материалдық ресурстары мен қаржы қаражаттарын бiрiктiрсiн.
5. Қазақстан Кинологтар одағының:
Қазақстан иттерiнiң Бiрыңғай Асыл тұқымдылары Кiтабын жүргiзу, асыл тектi иттерге тегi туралы құжаттарын ресiмдеу мен беру;
Қазақстан кинологиясының мүддесiн Халықаралық Кинология Федерациясы мен шет елдерде бiлдiру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Кинологтар одағының, мүдделi министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң келiсуiмен Қазақстан Республикасының кинологиялық қызметi жөнiнде сараптау комиссиясын құрсын, осы комиссия туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
7. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Кинологтар одағы мен оның жергiлiктi жерлердегi құрылымдық бөлiмшелерiне облыстық iшкi iстер басқармалары жанынан кинологиялық қызмет жөнiндегi сараптау комиссиясын құруға, ит ұстаушылар клубтарының, кинология қоғамдарының, питомниктердiң, ветеринарлық емдеу орындарының, ит серуендететiн орындар мен жаттықтыру алаңдарының жұмысын ұйымдастыру үшiн үй-жайлар, ғимараттар, жер учаскелерiн бөлуге, жайластыруға және жарақтандыруға жәрдем көрсетсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз