Тауарлық нарық туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 153

      Қазақстан Республикасында одан тыс жерлерде де маңызды тауарлық нарықтарды байқау, бағалау және болжамдау жүйелерiн ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ ақпараттық деректердi дайындау және тауарлық нарықтарды дамыту жөнiндегi ұсыныстарды қамтамасыз ету үшiн:
      1. 1-қосымшаға сәйкес тауарлық нарықтардың мониторингi және оның дамуын басқаруды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс тобы құрылсын.
      2. Тауарлық нарықтардың мониторингi және оның дамуын басқаруды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс тобы:
      Қазақстандағы тауарлық нарықтардың мониторингi және оның дамуын басқарудың жүйесi туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне берсiн;
      1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы маңызды тауарлық нарықтар жөнiндегi деректер банкiн әзiрлесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1996 жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде маңызды тауарлық нарықтарды талдау мен болжамдау әдiсiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiне тиiстi ақпараттарды берудiң нысандарын, тәртiбi мен мерзiмiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi тауарлық нарықтардың мониторингтiк
көрсеткiштердiң тiзбесiне /4 қосымша/ сәйкес өнiмнiң аса маңызды
түрлерiнiң тауарлық нарықтары тiзбесiне /3 қосымша/ сай тауарлық
нарықтар туралы мәлiметтердi жинау мен өңдеудi статистикалық жұмыстар
тiзбесiне қоссын.

     Премьер-Министр


                                        Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-Министрiнiң
                                        1996 жылғы 8 сәуiрдегi
                                           N 153 өкiмiне
                                             1-қосымша

        Тауарлық нарықтардың мониторингi және оның дамуын
           басқаруды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс тобының
                              ҚҰРАМЫ

     Ертiлесова Ж.Д.        - Қазақстан Республикасы Экономика
                              министрiнiң бiрiншi орынбасары,
                              жетекшi

     Құлекеев Ж.А.          - Қазақстан Республикасының Статистика
                              және талдау жөнiндегi мемлекеттiк
                              комитетi төрағасының бiрiншi
                              орынбасары

     Төлебаев А.К.          - Қазақстан Республикасы Ғылым министрi
                              Ғылым академиясы президентiнiң
                              бiрiншi орынбасары

     Романов А.Ф.           - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                              министрiнiң бiрiншi орынбасары

     Оспанов Х.А.           - Қазақстан Республикасы өнеркәсiп және 
                              сауда министрiнiң орынбасары

     Менжулин Б.И.          - Қазақстан Республикасы Қаржы
                              министрiнiң орынбасары

     Радостовец Н.В.        - Қазақстан Республикасы Баға және
                              монополияға қарсы саясат жөнiндегi
                              мемлекеттiк комитетi төрағасының
                              орынбасары

     Оразбақов Г.И.         - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                              коммуникациялар министрiнiң орынбасары

     Тиесов С.              - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                              көмiр өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары

     Кинасов О.Г.           - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                              өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары

     Рақышев Х.К.           - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп
                              палатасының төрағасы

     Марзилович О.А.        - Қазақстан Республикасы Экономика
                              министрлiгi тауарлы нарықтарды
                              басқару басқармасының бастығы

     Омарова Г.А.           - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                              және сауда министрлiгi өнеркәсiп
                              саясаты және экспортты дамыту бас
                              басқармасы бастығының орынбасары

     Крещик В.А.            - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                              министрлiгi болжамдау және нарықтық
                              құрылымдарды жетiлдiру бас басқармасының
                              бастығы

     Могильный В.В.         - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi
                              Ғылым академиясының басқарма бастығы

     Салтыбаев А.С.         - Қазақстан Республикасы Баға және
                              монополияға қарсы саясат жөнiндегi
                              мемлекеттiк комитетi рыноктарды талдау
                              басқармасының бастығы

     Каплан Г.Л.            - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                              коммуникациялар министрлiгi
                              экономика басқармасының бастығы

     Галинова В.А.          - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                              көмiр өнеркәсiбi министрлiгi экономика
                              басқармасының бастығы

     Адасбаев Е.А.          - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                              өнеркәсiбi министрлiгi қаржы-экономикалық
                              басқармасының бастығы

     Радивилов В.А.         - Қазақстан Республикасының Статистика
                              және талдау жөнiндегi мемлекеттiк
                              комитетi сауда және қызмет көрсету
                              статистикасы бас басқармасының бастығы


                                        Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-Министрiнiң
                                        1996 жылғы 8 сәуiрдегi
                                           N 153 өкiмiне
                                             2-қосымша

          Аса маңызды тауарлық нарықтар бойынша деректер банкi

     Тауардың атауы және оның сипаттамасы: _________________________
                                               /өлшем бiрлiгi/
_____________________________________________________________________
                   |   1991  |  1992   |  1993   |  1994   |  1995
                   |_________|_________|_________|_________|_________
                   |саны|құны|саны|құны|саны|құны|саны|құны|саны|құны
                   |    |млн.|    |млн.|    |млн.|    |млн.|    |млн.
                   |    |сом |    |сом |    |сом |    |сом |    |сом
___________________|____|____|____|____|____|____|____|____|____|____
          1        | 2  | 3  |  4 |  5 |  6 |  7 |  8 |  9 | 10 | 11
___________________|____|____|____|____|____|____|____|____|____|____

Ресурстар, барлығы

Соның iшiнде:

Жылдың басындағы
қалдықтар

Республикадағы өндi.
рiс көлемi

Соның iшiнде:

кәсiпорындар-өндi.
рушiлер бойынша

Импорт, барлығы

Соның iшiнде:
ТМД елдерiнен

Соның iшiнде:

Ресей
Беларусь
Өзбекстан және т.б.

алыс шетелдерден

оның iшiнде:

Германия
Англия
Швейцария және т.б.

Жұмсалғаны, барлығы

Соның iшiнде:
республикалық iшкi
тұтыну мен ұқсатуға

Экспортталғаны, барлығы
Соның iшiнде:
ТМД елдерiнен - барлығы
оның iшiнде:
Ресей
Беларусь
Өзбекстан және т.б.

алыс шетелдерге - барлығы

оның iшiнде:

Германия
Англия
Швейцария және т.б.

Жылдың аяғындағы қалдық
Баланс бойынша ауытқушылық*

     Ескерту: 
<*>
 Баланс бойынша ауытқушылықтың негiзгi
                  себептерiн көрсету

Белгiленген қуат, барлығы
Соның iшiнде:
кәсiпорындар бойынша

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-Министрiнiң
                                        1996 жылғы 8 сәуiрдегi
                                           N 153 өкiмiне
                                             3-қосымша

           Өнiмнiң аса маңызды түрлерi тауарлық нарықтарының
                               ТIЗБЕСI

              1. Энергетикалық ресурстар нарығы

     Электр энергиясы
     Мұнай
     Автомобиль бензинi
     Дизель отыны
     Отындық мазут
     Табиғи газ
     Көмiр

                    2. Металдар нарығы

     Дайын қара металдар прокаты
     Ақ қаңылтыр
     Ферроқорытпалар
     Темiр рудасы жентектерi
     Катодты мыс
     Мырыш
     Қорғасын
     Глинозен

                 3. Машина жасау өнiмдерiнiң нарығы

     Тракторлар
     Бульдозерлер
     Металл кесетiн станоктар
     Ұсталық-тығыздау машиналары

                4. Химия және мұнай-химия өнеркәсiбi
                          тауарларының нарығы

     Полипропилен
     Полистирол
     Кальций карбидi
     Сары фосфор
     Шиналар
     соның iшiнде: жүк автомобильдерi үшiн
                   жеңiл автомобильдер үшiн
     Химиялық талшықтар мен жiптер
     Қоректiк заттары 100% қайтарымды есепке арналған минералдық
     тыңайтқыштар

              5. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң нарығы

     Астық /өңделгеннен кейiнгi салмағында/
     Қант қызылшасы
     Майлы дақылдар тұқымдары
     Картоп
     Көкөнiстер
     Жемiс-жидектер
     Жүзiм
     Мал мен құс /сойыс салмағында/
     Сүт
     Жүн /физикалық салмағында/
     Қаракөл мен елтiрiлер
     Терiлiс шикiзат:
     iрi қаранiкi
     Ұсақ малдiкi
     шошқанiкi

              6. Жеңiл өнеркәсiп тауарларының нарығы

     Талшықты мақта
     Жуылған жүн
     Мақтадан иiрiлген жiп
     Жүннен иiрiлген жiп
     Мақтадан iстелген мата 
     Жүннен тоқылған мата
     Жiбектен тоқылған мата
     Қатты былғары тауарлар
     Хромды былғары тауарлар
     Жұмсақ былғары тауарлар

              7. Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсiбi
                     тауарларының нарығы

     Iске жаратылатын сүректер
     Кесiлген материалдар
     Ағаш жаңқалы плиталар
     Ағаш талшықты плиталар

              8. Құрылыс материалдарының нарығы

     Цемент
     Шифер

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-Министрiнiң
                                        1996 жылғы 8 сәуiрдегi
                                           N 153 өкiмiне
                                             4-қосымша

        Тауарлық нарықтардың мониторингi көрсеткiштерiнiң
                              ТIЗБЕСI



      1. Тауарлық нарықтардың негiзгi номенклатурасы /өндiрiс, республикадағы тұтыну, елдер бойынша сырттан әкелу және әкету, есеп беру кезеңiнiң басы мен аяғындағы қалдық/ тұрғысындағы заттық және құндық көрiнiстегi материалдық баланс.
      2. Тауарлық нарықтар бойынша көтерме және бөлшек сауда бағаларының индекстерi.
      3. Тауарлық нарықтар тұрғысындағы негiзгi өнiм түрлерiнiң бағалары /iшкi, ТМД рыноктарындағы, дүниежүзiлiк рыноктардағы/.
      4. Тауарлық нарықтар бойынша инвестицияларды талдау.
      5. Әрбiр тауарлық нарық бойынша, еңбекақыны, кiрiстi, амортизациялық аударымды, мемлекет бюджетiне төленетiн салықты, олардың жалпы iшкi өнiмге проценттiк арақатысын, жұмыс орнының санын, тауарлық нарықтар номенклатурасындағы белгiленген қуатты қоса алғанда экономикалық деректер.
      6. Дүниежүзiлiк өндiрiс және тауарлық нарықтар бойынша тұтыну туралы мәлiметтер.
      7. Өнiмдердiң маңызды түрлерiнiң тiзбесiне кiретiн тауарларды өндiру мен тұтынуда жетекшi болып табылатын елдер бойынша тауарлы нарықтарды басқару туралы ақпараттар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады