Канада кредитiн өтеу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 25 сәуiрдегi N 196
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақмола облысының "Армавир" совхозы мен "Аквест" бiрлескен кәсiпорнының комбайн сатып алу үшiн Канада экспортын дамыту жөнiндегi корпорация берген кредит бойынша мерзiмi өткен берешегiне өтем жасасын.
2. "Тұранбанк" қазақ акционерлiк банкi Тұранбанк, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және түпкi заем алушылар арасында республикалық бюджеттен аударылған қаражаттың сөзсiз қайтарылуына үш жақты келiсiм жасауды қамтамасыз етсiн. Үш жақты келiсiмге қол қойылмаған жағдайда заемшы-кәсiпорындардың осы мәселе жөнiндегi материалдары оларды банкрот деп тану үшiн сот органдарына тапсырылсын.
3. Ақмола облысының әкiмi облыс мұқтажына арнап тартылған Канада кредитiнiң бұдан былай уақтылы өтелуiн және облыс шаруашылықтарының республикалық бюджетке қаражатты сөзсiз қайтаруын қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз