Консалтингтiк қызмет ұсыну туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 13 мамыр N 218-ө
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң бұл фирманың инвестициялық жоспарларды жасаудағы және жүзеге асырудағы, республиканың мұнайгаз саласына жаңа инвесторларды тартуға ықпал етудегi, басымдықты инвестициялық жобалар жөнiндегi келiссөздердi үйлестiрудегi, сондай-ақ мұнай, газ және өнiмдер шығару, оларды өңдеу жөнiндегi маркетингтiк зерттеулердегi қызметтерi пайдаланылғандығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне консалтингтiк қызмет ұсыну туралы 1994 жылғы 31 желтоқсандағы "Меркейтор корпорейшн" фирмасымен Келiсiмдi 2000 жылдың аяғына дейiн ұзарту туралы ұсынысы қабылдансын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз