Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бюджеттiк мекемелердiң жылу энергиясын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджетке берешегiн өтеу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1996 жылғы 21 мамыр N 234-ө
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен Қызылорда 6-ЖЭО арасындағы берешекке 1996 жылғы 17 сәуiрдегi жағдай бойынша 9,78 млн. (тоғыз миллион жетi жүз сексен мың) теңге бiржолғы есептеу жүргiзсiн.
Аталған сома Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң қаржыландыру есебiне республикалық бюджеттiң кiрiсi мен шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып есептелсiн.
2. Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасы аталған есептеудi жүргiзу есебiне Қызылорда 6-ЖЭО-ның импортталатын тауарлар бойынша кеден бажын төлеу жөнiндегi 9,78 млн. теңге сомасындағы берешектi өтесiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қызылорда 6-ЖЭО-мен бiрлесiп аталған есептеудi жүргiзу есебiне Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi ұстап отырған Қызылорда агроөнеркәсiп кешенiнiң инженерлер институтының (9116 мың теңге) және Қызылорда мемлекеттiк университетiнiң (664 мың теңге), жалпы сомасы 9,78 млн. теңге берешектерiн өтейтiн болсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз