Есеп-қаржы қызметтерiн орталықтандыру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 мамыр N 238-ө
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен мемкомитетiнiң мына ведомстволарының есеп-қаржы қызметтерiн орталықтандыру туралы ұсынысы қабылдансын:
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк копаниясы;
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi;
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне осы өкiмнiң 1-тармағында аталған ведомстволар аппараты қызметкерлерiнiң шектi санын қысқарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу тапсырылсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз