"Аймақтарда реформаларды жүргiзу жөнiндегi облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi қызметiнiң рейтингтiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 620 қаулысының 3-тармағына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанынан облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi қызметiнiң рейтингтiк жүйесi үшiн ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) мына құрамда құрылсын:
Шөкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрi (комиссия төрағасы)
Әбдiкамалов О.А. - Қазақстан Республикасы Үкiметi
Аппараты аумақтық даму бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары (комиссия
төрағасының орынбасары)
Жәрменов Б.Б. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгi аумақтық саясат және
реформаларды ұйымдастыру-орындауды
қамтамасыз ету бас басқармасының
бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Велимухаметов М.М. - Қазақстан Республикасы Халықты
әлеуметтiк қорғау министрiнiң
орынбасары
Романов А.Ф. - Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрiнiң бiрiншi
орынбасары
Тоқсейiтов Р.Қ. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары
Төтенов Б.В. - Қазақстан Республикасы Еңбек
министрiнiң орынбасары
Шоқаманов Ю.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және
талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
төрағасының орынбасары
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдары Ведомствоаралық комиссияның сұрауы бойынша ақпараттар мен материалдарды уақытылы берудi қамтамасыз етсiн.
3. Ведомствоаралық комиссия ай сайын Қазақстан Республикасы Үкiметiне облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң рейтингi жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Премьер-Министр