1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери-техникалық комиссиясы құрылсын /бұдан әрi - комиссия/.
2. Комиссияның негiзгi мiндетi - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң босаған әскери мүлкiн қысқарту, кәдеге жарату және сату жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қысқартылған әскери мүлiктi сатудан түскен түсiмдi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң материалдық базасын нығайтуға бағыттауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери-техникалық комиссиясы туралы ереже және объектiлердi беру, жалға беру, босаған қару-жарақты, әскери техника мен басқа да әскери мүлiктi кәдеге жарату мен сату тәртiбiн бекiтсiн;
әскери мүлiктi сатудан және қорғаныс объектiлерiн жалға беруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң материалдық базасын нығайту үшiн қатаң мақсатты бағытта пайдалану жөнiндегi тиiстi шараларды қабылдасын.
5. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетiнiң өкiлдерi кiруге тиiс деп белгiленсiн. 6. Ұсынылып отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп саналсын. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 17 маусымдағы N 280 өкiмiне қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1992 жылғы 24 желтоқсандағы N 394 өкiмi. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 147 өкiмi. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1994 жылғы 7 қаңтардағы N 20 өкiмi. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 11 қыркүйектегi N 340 өкiмi.