Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 14 желтоқсандағы N 512 өкiмiне мынадай өзгерту енгiзiлсiн: Жүрсiмбев С.К. - Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Нұрғалиева Е.Н. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Ибрагимов Т.А. - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты экономикалық саясат бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Табаева Ш.Б. - Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi монополиясыздандыру және бәсекелестiктi дамыту бас басқармасының бастығы, комиссия хатшысы жұмыс комиссиясының құрамына енгiзiлсiн. Ғ.Ғ. Мусин, С.В. Тихонов аталған құрамнан шығарылсын. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "1996 жылы табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 наурыздағы N 361 қаулысына сәйкес талдау материалдары мен шешiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп әзiрлеу жүктелсiн".
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 1 ақпандағы N 36 өкiмiнiң;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 428 өкiмiнiң күшi жойылды деп саналсын.
Премьер-Министр