Астық жинау комбайнын сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 21 маусым N 294

      Дәндi дақылдар егiнiн жинауды және шаруашылықтарды егiн жинау техникасымен жарақтандыруды арттыруды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiнiң лизинг шартымен 1996 жылғы егiннен бастап үш жыл iшiнде тең үлестермен жөнелту арқылы шаруашылықтардың 300 мың тонна көлемдегi астығымен есеп айырыса отырып жапондық "Канемацу Корпорейшн" фирмасының делдалдығымен 1996 жылғы егiн орағы жұмыстары басталғанға дейiн 1000 астық жинау комбайнын Россияның "Ростсельмаш" акционерлiк қоғамынан сатып алу және беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола, Көкшетау, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесе отырып лизинг берушiлердi белгiлесiн, комбайндарды берушiлер және сатып алушылармен тиiстi лизингтiк контракттарды рәсiмдесiн.
      Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы мемлекеттiк ресурстардың астығына кепiлге берiлген аталған комбайндар үшiн 1996 жылдан бастап жыл сайын 100 мың тонна астықпен есеп айырысуға кепiлдiк берсiн.
      3. Аталған облыстардың әкiмдерi лизинг бойынша сатып алынатын комбайндар үшiн, оның iшiнде Ақмола облысына - 250 комбайн, Көкшетауға - 200, Қостанайға - 350 және Солтүстiк Қазақстанға - 200 комбайн үшiн осы өкiмнiң 1-тармағында баяндалған шарттар негiзiндегi олардың кепiлдiк мiндеттемесiне шаруашылықтардың астығымен есеп айырысуға бiр апта iшiнде Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының кепiлдiгiн беретiн болсын.
      Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлiгi үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiне дейiн аталған комбайндарды тиiмдi пайдалану схемасын әзiрлесiн және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге iстелген жұмыстарды есепке алу және олармен Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының астықпен есеп айырысу тәртiбiн жеткiзетiн болсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады