Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкi арасындағы Заем беру туралы келiсiмде /Мұнай саласындағы техникалық көмек жобасы/ және TACIS ЕКА-02/020 жобасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi бiрiншi орынбасарының 1996 жылғы 31 маусымдағы N 3-26 өкiмiнде көзделген Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығын құрудағы белгiлi бiр қалып қоюшылықты атап өте отырып;
Қазақстан Республикасының көрсетiлген жобалар бойынша мiндеттемелерiн уақытымен практикалық жүзеге асыру және олар бойынша бөлiнген қаражатты тиiмдi игеру мақсатында;
1. Осы жобалар бойынша пайдаланушы /бенефицар/ болып табылатын Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi:
а/ Мұнай-газ өнеркәсiбi оқу орталығының жарғысын бекiтсiн;
б/ Мұнай-газ өнеркәсiбiнің оқу орталығын белгiленген тәртiппен заңды тұлға ретiнде тiркесiн, "Мұнайгаз" және "Қазақгаз" Мемлекеттiк холдингтiк компанияларына тең құрылтайшылар болу ұсынылсын және заңмен белгiленген тәртiпте "Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығы" мекемесiнiң жарғылық қорын құрсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Мемлекетаралық келiсiмдердi ұйымдастыру және орындау кезеңiнде /1998 жылға дейiн/ Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығына "Казгипрогаз" ғимаратының" 4-шi қабатын /пайдалы алаңы 493 шаршы метр/ бөлсiн. Премьер-Министрдiң орынбасары