Комбайндар сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 3 шiлде N 316

      Дәндi дақылдар егiнiн жинауды қамтамасыз ету және шаруашылықтарды егiн жинау техникаларымен жарақтандыруды арттыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Ауылшарминiнiң және "Кең дала" акционерлiк қоғамының "Краснояр комбайндар заводы" акционерлiк қоғамынан лизинг шартымен Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне 1996 жылы егiн орағы басталғанға дейiн облыстар әкiмдерiнiң кепiлдiгiмен мынадай шарттармен:
      1996 жылғы 10 шiлдеге дейiн Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы мемлекеттiк ресурстағы астықты сату есебiнен комбайндар құнының 30 процентi мөлшерiне алдын ала төлем жасай отырып:
      лизинг берушiлермен шарт бойынша "Краснояр комбайндар заводы" акционерлiк қоғамының есебiне комбайндар құнының 30 процентi мөлшерiнде төлем жасаудың екiншi бөлiгiн 1996 жылғы 15 қарашаға дейiн астық қабылдау кәсiпорындарына өткiзген ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң астығымен жүргiзе отырып;
      1997 жылғы 10 сәуiрге дейiн Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы мемлекеттiк ресурстағы астықтың кепiлдiгiмен коммерциялық банктердiң кредиттерi есебiнен комбайндар құнының 40 процентi мөлшерiндегi қалған бөлiгiне төлемдi жүзеге асыра отырып 1 мың егiн жинау комбайндарын сатып алу және беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясымен мынадай схема бойынша:
      комбайндар құнының 30 процентi көлемiне - 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн;
      комбайндар құнының 40 процентi көлемiне - 1997 жылғы 1 желтоқсанға дейiн тағамдық астықпен есеп айырысады.
      3. Облыстардың әкiмдерiне сатып алынатын комбайндарды тиiмдi пайдалану мақсатында осы комбайндарды басқару мен пайдалану құқығын бөлiп берудi "Кең дала" акционерлiк қоғамы жүйесiнiң механикаландырылған отрядтары арқылы жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi, Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы, сондай-ақ сатып алынған комбайндар жұмыс iстейтiн ауыл шаруашылығы кәсiпорындары мен кооперативтерi комбайндарды берушiлерге төлем жасау үшiн, сондай-ақ Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына 1996-1997 жылдары осы өкiмнiң 2-тармағына сәйкес көлемде 1996 жылғы егiнiнiң тағамдық астығының қажеттi мөлшерiн элеваторларға дер кезiнде берудi қамтамасыз етсiн.
     Премьер-министрдiң
        орынбасары 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады