РОҚ сақтау және пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 8 шiлде N 321

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi ракета отынының

құраластарын (РОҚ) сақтау және пайдалану кезiнде экологиялық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында:
     1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi РОҚ сақтаудың
және пайдаланудың экологиялық қауiпсiздiгi жөнiнде Республикалық
ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрсын және
Комиссияның құрамын мына төмендегi министрлiктер мен мемлекеттiк
комитеттердiң өкiлдiктерiнен бекiтсiн:
     Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi;
     Қазақстан Республикасы экология және биоресурстар министрлiгi;
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi;
     Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi комитетi;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi.
     2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
     РОҚ сақталатын жердiң экологиялық мониторингi мен олардың
экологиялық қауiпсiздiгiн бағалау;


      РОҚ сақталатын жерi мен шарттарын техникалық жағдайларға сәйкес келтiру жөнiндегi және Қазақстан Республикасының аумағында РОҚ пайдаланудың зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың жоспарын әзiрлеу;
      РОҚ сақтау және пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi қаражатқа деген қажетiн айқындау болып белгiленсiн.
      3. Комиссия 1996 жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне РОҚ сақталатын жердi тексеру нәтижелерi жөнiндегi қорытындылары және РОҚ сақталатын жерi мен шарттарын техникалық жағдайларға сәйкес келтiру жөнiндегi және Қазақстан Республикасының аумағында РОҚ пайдаланудың зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың жоспарын ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлiгi:
      1996 жылғы 15 тамызына дейiн РОҚ сақталатын барлық жердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi әскери қарауылдардың күзетiне алсын;
      1996 жылдың 30 тамызына дейiн Приозерск қаласындағы 04019 әскери бөлiмшесiнiң аумағынан "меланжды" әкетудi аяқтасын;
      1996 жылдың 30 қарашасына дейiн одан әрi пайдалануға мүмкiндiк беретiн РОҚ сақтау құралдарының қызметi жөнiндегi регламенттiк жұмыстарды жүргiзсiн;
      1997-1998 жылдар iшiнде әскери бөлiмшелерде РОҚ запастарын қайта генерациялау мен жаңалау жұмыстарын жүргiзсiн;
      1998 жылдың аяғына дейiн сақтаудағы белгiленген пайдалану мерзiмi бiткен барлық құралдарды алып, жаңасына ауыстырсын;
      1996 жылдың 1 қазанына дейiн Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiмен Ресей Федерациясына тиесiлi және әскери полигондардағы және Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясына жалға берген "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы пайдаланылмаған РОҚ-ын Қазақстан Республикасынан әкету мәселесiн келiссiн.
      5. Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлiгi 1996 жылдың 1 тамызына дейiн РОҚ-мен жұмыс жөнiндегi қолданылып жүрген нұсқамалар мен оларды кәдеге жарату жөнiндегi техникалық жағдайларына сараптау жүргiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi Қазақстан

Республикасының Қорғаныс министрлiгiне осы өкiмдi жүзеге асыру үшiн
қажеттi қаражат бөлсiн және 1997-1998 жылдарға арналған
республикалық бюджеттiк жобасын әзiрлеген кезде Комиссияның
ұсыныстарын ескеретiн болсын.

     Премьер-Министрдiң
        орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады