Лицензиялық қызмет туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 10 шiлдедегi N 329

      1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi, лицензиарлардың назары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N И-283 тапсырмасын орындау жөнiндегi тәртiптiң төмендiгiне аударылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Әдiлет министрлiгi лицензиарлармен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес бiр ай мерзiм iшiнде лицензияланған қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талабын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      Белгiленген заң актiлерi мен халықаралық шарттар жағдайында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне басқа да нормативтiк актiлер ұсынылады.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Үкiмет Аппаратының Экономикалық саясат, Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмдерiмен бiрлесiп Үкiмет актiлерiн лицензиялау туралы заңға сәйкес келтiрсiн.
      4. Лицензиарларға лицензиялармен (патенттермен) бiрге лицензиялық қызмет және iс-қимыл жүргiзуге уақытша рұқсат беруге тыйым салынсын.
      5. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және өзге де орталық және жергiлiктi органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн және өздерiнiң шешiмдерiн дайындау кезiнде қолданылып жүрген заңдарды қатаң басшылыққа алсын.
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының бөлiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметiне республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық және атқарушы органдарының заңсыз актiлерiнiң күшiн жою немесе толық немесе iшiнара тоқтату туралы ұсыныс енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiм

iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне облыстар мен Алматы
қаласы әкiмдерiнiң лицензиялауға қатысты саласындағы құқықтарын
кеңейтуге байланысты қолданылып жүрген лицензиялау туралы заңдарды
өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
     7. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Үкiметi Аппаратының Экономикалық саясат бөлiмiне
жүктелсiн.

     Премьер-Министрдiң
        орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады