"Алматы қаласында "Қазақ радиотехникалық зауыты" акционерлiк қоғамының базасында қазiргi заманғы теледидар зауытын жобалау мен салу жөнiндегi халықаралық конкурс өткiзу туралы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 қаңтардағы N 28 қаулысын орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы заманғы радиоэлектронды және күрделi техникаларды өздерiмiз өндiрудi жедел дамыту, олармен рынокты молықтыру, олардың экспортын әуелетiп көтеру мақсатында:
1. "Қазақ радиотехникалық зауыты" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасындағы осы заманғы радиоэлектронды және күрделi тұрмыстық техникалар өндiрiсi жөнiндегi базалық кәсiпорын деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi "Қазақ радиотехникалық зауыты" акционерлiк қоғамының инвестициялық жобасын 1996 жылға арналған басым мемлекеттiк инвестициялық жобалардың индикативтi тiзбесiне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi үш ай мерзiм iшiнде "Қазақ радиотехникалық зауыты" акционерлiк қоғамының инвестициялық жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiне берiлген шетел кредит жүйелерiн пайдалана отырып қаржыландыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына жүктелсiн.
Премьер-Министрдiң
орынбасары