"Азия дауысы" конкурсына қатысушыларды көтермелеу үшiн қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 30 шiлде N 361

      Жыл сайын ТМД елдерi мен алыс шетел жетекшi әншiлерiнiң қатысуымен кең танымал әуендер мен әндердiң "Азия дауысы" халықаралық конкурсының, сондай-ақ "Азия дауысы" конкурсының шеңберiнде республика композиторларының шығармашылығын насихаттау үшiн Қазақстан эстрадасы күнiнiң өткізiлуiне байланысты және конкурстың халықаралық көлемде танымалдығы артуын ескере отырып:

      1. Халықаралық "Азия дауысы" конкурсына қатысушыларды көтермелеу үшiн 7 /жетi/ мың АҚШ долларына баламды мөлшердегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жүлдесi мен 1 /бiр/ мың АҚШ долларына баламды мөлшердегi Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң 6 Жүлдесi ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi көрсетiлген соманы 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң 201-шi "Мәдениет" тармағы бойынша орталықтандырылған шаралар үшiн көзделген қаражаттар есебiнен жүлделердi ұйымдастыруға бөлсiн.

      3. Көрсетiлген жүлделердi алған адамдарға салық салу "Салық

және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар
Жарлығының 34-бабының 5-тармағындағы 6-тармақшаға сәйкес жүзеге
асырылады деп белгiленсiн.

     4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Мәдениет министрлiгiне жүктелсiн.

     Премьер-Министрдiң
        орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады