Айыппұл сомасын өтеу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 6 тамыз N 369
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi AKA Ausfuhrkredit-Gesellschaft м.b.h. герман банкi ұсынған есептесуi негiзiнде "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының жалпы сомасы 1 608 988 (бiр миллион алты жүз сегiз мың тоғыз жүз сексен сегiз) немiс маркасындағы кредит үшiн проценттер бойынша мерзiмi өткен берешектi, сондай-ақ "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi бойынша 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде есептелген айыппұл сомасын өтейтiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi заемшыға төленбеген соманы республикалық бюджетке сөзсiз қайтару үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң, "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң арасында үш жақты келiсiм жасауды қамтамасыз етсiн.
Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз