"КАТЭП" ҰАК-н тексеру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 9 тамыздағы N 377
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң Бас салық инспекциясымен бiрлесiп 1995 жылғы қыркүйек пен 1995 жылғы шiлде аралығындағы кезеңдегi КАТЭП ҮАК-ның қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзсiн, КАТЭП ҰАК-на акцияларының мемлекеттiк пакетiне дивидендтер есептеудiң дұрыстығын және оның iс жүзiнде пайдалануын тексерсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясымен бiрлесiп, "КАТЭП" ҰАК-ның құрылтай құжаттарының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестiлiгiн, сондай-ақ КАТЭП ҰАК жарғы қорындағы жеке адамдардың акцияларды төлеу бөлiгiн тексерсiн.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Басшысы С.И.Шуткинге жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз