1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамы "Самсунг Дойч-ланд ГмБх" басқарушы фирмасының қатысуымен:
Жезқазған, Лермонтово және "4-ый километр" поселкелерiнiң өнеркәсiптiк-азаматтық объектiлерiн тау-кен жұмыстарының зиянды әсерiнен сақтауды қамтамасыз етуге, аталған поселкелердiң халқына төнген қауiптi дер кезiнде болжау мен ол туралы хабарлауға және опырылу болуы мүмкiн аймақтардан тұрғындарды жедел көшiруге бағытталған арнайы шаралар әзiрлесiн;
Жезқазған облысы әкiмiнiң қатысуымен 1997 жылдың II тоқсанынан бастап кезең-кезеңiмен тау-кен жұмыстарының қауiптi әсер ету аймағынан тұрғындарды көшiрудiң және өнеркәсiп ғимараттарын, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын шығарудың бағдарламасын әзiрлесiн және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн;
"Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кенiштерiнiң геомеханикалық қызметi мен кенқұтқару бөлiмшелерi үшiн жабдық пен аспаптар сатып алуға қаржы бөлуді қамтамасыз етсiн;
Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен iсi институтының, ҚазТӨҚҒЗИ, ҚазМҒЗИ және "Казгипроцветмет" жобалау институтының қатысуымен "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кенiштерi үшiн тау-кен жұмыстарының қауiпсiздiк деңгейiн көтеруге бағытталған ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi,
Мемкенқадағалаукомы, Жезқазған облысының әкiмi: арнайы шаралардың және қауiптi аймақтан тұрғындарды көшiру бағдарламасының орындалуына бақылауды қамтамасыз етсiн; 1997 жылдың 1 қыркүйегiне қарай Қазақстан Республикасы Үкiметiне Үкiмет комиссиясы ұсынған шаралардың орындалу барысы туралы баяндасын. 3. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кенiштерiнде жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне бақылауды күшейтсiн. Премьер-Министрдiң орынбасары