"Қазсибэкспорт "Ақсуат" АҚ бiрiккен кәсiпорнымен жасаған форвардтық контрактiсi туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 23 тамыз N 402
Контрактiнiң шарттары бойынша сатып алушы осы өкiм шыққаннан кейiн 10 күн iшiнде аталған соманы алдын ала төлемiн қамтамасыз ететiнi назарға алынсын.
2. Мемлекеттiк азық-түлiктiк контрактi корпорациясы ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап сатып алушыға астық жөнелтуді қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Кеден комитетi, Мемлекеттiк азық-түлiктiк контрактi корпорациясы мен Қазақстан халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасы аталған контракт бойынша астық жөнелтуге қажеттi жәрдем көрсетсiн.
3. Мемлекеттiк азық-түлiктiк контрактi корпорациясы облыс әкiмдерiмен бiрлесiп ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейiн республиканың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне тұқымдық, азық-түлiктiк және жем-шөптiк несиелер ретiнде берiлген астықты мемлекеттiк ресурстарға қайтаруды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз