ЭСКАТО қосымша аймақтық семинарын ұйымдастыру және өткізу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 27 тамыздағы N 406
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Экономика министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеулер институтымен және басқа да мүдделi ұйымдармен ЭСКАТО қосымша аймақтық семинарын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi мен Үкiметi Аппаратының Шаруашылық Басқармасы ЭСКАТО қосымша аймақтық семинарына қатысушыларды орналастыру және көлiкпен қамтамасыз етуге көмектессiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ЭСКАТО қосымша аймақтық семинарын өткiзуге және қабылдауды ұйымдастыруға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ұсынған есептеулер мен шоттар бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн жұмсалған шығыстарды өтеуге қажеттi қаражат бөлсiн.
5. Қосымша аймақтық семинарға қатысушылардың (30 адам, оның iшiнде 25 шетелдiк қатысушы) жол шығыны, тұру, тамақпен және көлiкпен қамтамасыз ету төлемi ЭСКАТО қаражатының есебiнен төленетiндiгi назарға алынсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз