"Балқашмыс" акционерлiк қоғамын жекешелендiру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 11 қыркүйек N 434-ө
1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Балқашмыс" акционерлiк компаниясын жекешелендiру жөнiнде тендер өткiзу кезiнде тендердiң шарттарының бiрi ретiнде "Ridder-Inbect" инвестициялық компаниясының басқаруына берiлген кәсiпорындардан әкелiнген шикiзаттар үшiн кредиттiк берешектердi қайтаруды айқындасын.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тендердiң қорытындысы бойынша "Ridder-Inbect" инвестициялық компаниясына қымбат металдардың жеткiзiлген күнгi бағалары мен шарттарына сәйкес құнын төлеуге кепiлдiктер беру туралы шартты қосу арқылы жеңiмпазбен контракт жасасын. Төлем жасауды контрактiге қол қойған уақыттан бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жүзеге асырсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз