Өнiмнiң маңызды түрлерi нарықтарының жай-күйi туралы талдау материалдарын әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 17 қыркүйек N 440

      1. Қоса берiлiп отырған Өнiмнiң маңызды түрлерi нарықтарының жай-күйi туралы талдау материалдарын әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылға арналған статистикалық жұмыстар регламентiн құрастырған кезде өнiмдердi (тауарларды) сату туралы, өнiмдердiң (тауарлардың) экспорты (импорты), қалдық және шығындалған материалдар туралы статистикалық есептеменi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың орындалуын көздесiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға арналған республикалық бюджеттi әзiрлеген кезде осы жұмыстардың орындалуына қажеттi ақшаны көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Ауылшарминi, Энергиякөмiрминi, Мұнайгазминi, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 31 қазанға дейiн тиiстi номенклатура бойынша өнiмнiң (тауардың) маңызды түрлерi нарықтарының жұмыс iстеуiнiң экономикалық жағдайларына зерттеу жүргiзудi және отандық өнiм өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау және өнiм (тауар) өндiрiсiн ынталандыру мақсатында бұл жағдайларды өзгертудiң мақсатқа сәйкестiгi туралы ұсыныс әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-Министрiнiң
                                       1996 жылғы 17 қыркүйектегi
                                       N 440 өкiмiмен мақұлданған

          Өнiмнiң маңызды түрлерi нарықтарының жай-күйi туралы
           талдау материалдарын әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелiк
                               ұсынымдар

                   1. Кiрiспе

      1. Осы Әдiстемелiк ұсынымдар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерiнiң, облыстық экономика басқармаларының өнiмнiң маңызды түрлерi нарықтарының жай-күйi туралы талдау материалдарын әзiрлеуi үшiн арналған. Аталған талдау Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жылдық болжамдарын әзiрлеу және нақтылау кезеңдерiнде, сондай-ақ тауар нарықтарының жұмыс iстеуiнiң экономикалық шарттарын зерттеу үшiн жүргiзiледi.
      2. Талдау нәтижелерiн экономиканың дамуына мемлекеттiк ықпал етудiң неғұрлым ұтымды бағыттарын iздестiруге, сондай-ақ отандық өнiм (тауар) өндiрушiлер мен тұтынушыларды қорғау жөнiндегi шараларды қалыптастыру және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өндiрудi еселей түсу үшiн пайдалану көзделiп отыр.

              2. Экономикалық талдау жүргiзудiң мақсаты
                           мен мiндеттерi

      3. Экономикалық талдау жүргiзудiң мақсаты тауар нарықтарының әр алуан секторларында өнiмдi (тауарларды) сатудың және сатып алудың экономикалық шарттарына баға беру мен салыстыру және отандық өндiрушiлер мүдделерiн қорғау мен өнiм (тауарлар) өндiрудi ынталандыру үшiн осы шарттарды өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
      4. Негiзгi мiндеттерi:
      өнiмдi (тауарларды) сатудың экономикалық шарттарына талдау жасау және оны iшкi қазақстандық нарықта сатудың немесе экспортқа шығарудың орындылығы мен тиiмдiлiгi туралы қорытынды әзiрлеу;
      отандық тауарларды сатып алумен салыстыра отырып, импорт бойынша өнiм (тауарлар) сатып алудың экономикалық шарттарына талдау жасау және импорттық сатып алудың тиiмдiлiгi мен олардың отандық шығарылуының келешегi туралы қорытынды әзiрлеу;
      тауар нарықтарының әр алуан секторларында өнiм (тауарлар) қозғалысының экономикалық шарттарын өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      аса маңызды өнiмдер бойынша сатып алу бағалары құрылымына талдау жасау және оны ұтымды ету туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      тауар нарықтарында бәсекелестiк орта қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

            3. Тауар нарықтарының жай-күйiнiң маңызды
               көрсеткiштерiне экономикалық талдау
               жүргiзу жөнiндегi ұсынымдар

      5. Қазақстан Республикасы бойынша тауар нарықтарының жұмыс iстеуiне талдау тауар нарықтарының жай-күйiн талдау кестелерi бойынша 1-қосымшаға сәйкес және өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы және ауыл шаруашылық өнiмiнiң (тауарлардың) маңызды түрлерiнiң тауар нарықтарының тiзбесi бойынша 2-қосымшаға сәйкес жүргiзiледi. Аталған тiзбе тауар нарықтарында қалыптасқан экономикалық жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң келiсiмi бойынша анықталуы мүмкiн.

           Қазақстан Республикасы бойынша iшкi және сыртқы
            нарықтарда өнiмдi (тауарларды) сату мен сатып
                       алуға талдау жасау

      6. Қазақстан Республикасы бойынша өнiмдi (тауарларды) iшкi және сыртқы нарықтарда сату және сатып алуға талдау жасау өнiмдi (тауарларды) сату мен сатып алу көлемi мен құрылымының өзгеруi туралы деректерге сәйкес жүргiзiледi (1, 2-кестелер).
      1-кестенiң деректерi бойынша өнiмдi (тауарларды) сатудың жалпы көлемiндегi экспорт ауқымы, нарықтың ашықтығы туралы қорытындылар жасалады. Сатудың iшкi нарықты тауар ресурстарымен басым қамтамасыз ету тұрғысынан қарағанда оны қорғау жөнiнде привентивтi шаралар қолданудың дұрыстығы туралы жағдай байқалады. Сатылмаған қалдықтардың көлемi мен өзгеруi бойынша өнiмнiң (тауарлардың) толық сатылуы мен қорларды толықтыру қажеттiгi және т.б. туралы қорытынды жасалады.
      2-кестенiң деректерi бойынша өнiмдi (тауарларды) сатып алу, импорт үлесiнiң өсуi немесе кемi, ресурстармен толық қамтамасыз етiлуi, отандық өнiмдi импорттық өнiмнiң (тауарлардың) ығыстыруы жағдайының болуы және т.б. бөлiгiне осыған ұқсас талдау жасалады.

             Тауар нарықтарының әралуан секторлары бойынша
               өнiмдi сату мен сатып алудың экономикалық
                       шарттарына талдау жасау

      7. Өнiмдi (тауарларды) сату мен сатып алу құрылымындағы өзгерiстер себептерi сатып алу бағалары мен олардың құрылымына, өнiмнiң (тауарлардың) экспорты мен импортының iшкi және әлемдiк бағасының өзгеруiне жасалған талдауға сүйене отырып анықталады (3-7 кестелер).
      8. Тауар нарықтарының әр алуан секторлары бойынша өнiмдi (тауарларды) сатудың экономикалық шарттарына талдау 3-кесте бойынша жүргiзiледi.
      Қажет болған жағдайда аталған кесте сондай-ақ Қазақстан Республикасы және жекелеген аймақтар немесе нақты кәсiпорындар бойынша өнiмге (тауарларға) арналған сатып алудың орташа бағаларына талдау жасау үшiн қолданылуы мүмкiн. Бұл жағдайда кестеде өнiмнiң (тауарлардың) атауы ғана емес, сондай-ақ аймағы немесе кәсiпорны көрсетiледi.
      Осы кестенiң 1-бағанында сатудың (сатып алудың) көтерме бағаларына әсер ететiн факторлар көрсетiледi. Бөлшек саудада сатылатын өнiм (тауарлар) түрлерi бойынша бағаларға әсер ететiн қосымша факторлар енгiзiледi.
      2-7 бағандарда өнiмдi (тауарларды) өткiзу нарығының секторы бойынша деректер көрсетiледi.
      Кестенi толтырғаннан кейiн төмендегiдей реттiлiк бойынша нәтижелерге талдау жасалады:
      Сатудың: "Iшкi рынок", "Алыс шетелдерге экспорттау" және "Таяу шетелге экспорттау" сияқты мүмкiн болатын нұсқаларынан "Сату бағасы" жолы бойынша бағасы неғұрлым төмен нұсқасы алынады және басқа нұсқалардағы бағалардың айырмашылығы арқылы қалған екi нұсқа бойынша өнiмдi (тауарларды) өткiзуден алынбай қалған пайда анықталады. Сату бағаларынан едәуiр айырмашылық байқалған жағдайда қарастырылатын нұсқалар бойынша мемлекет жүзеге асырып отырған экономикалық саясатты ескере отырып, сатудың қолда бар шараларына баға берiлдi.
      Мысалы: iшкi нарықты қанағаттанарлықтай молықтырған жағдайда өнiмдi (тауарларды) алыс шетелге сату бойынша неғұрлым қолайлы жағдайлар орын алады - әлемдiк нарықты жайлап алуға бағытталған мұндай жағдай саясатқа сәйкес келедi, немесе төлем қабiлетi қанағаттандырмайтын сұраным болған жағдайда, өнiмдердi (тауарларды) сату бойынша неғұрлым қолайсыз жағдай орын алады, бұл жағдай мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талабына сәйкес келмейдi.
      Сатудың тиiмдi (күткендегiдей) құрылымы және бағаларға әсер ететiн факторлардың оған сәйкес келетiн мәнi анықталады. Бұл арада мүмкiн болатын барлық нұсқалар iшiнен шығындар және басқа факторлар, оның iшiнде бюджет салдары факторлары тұрғысынан алғанда олардың неғұрлым оңтайлы үйлесiмi анықталуға тиiс.
      Кәсiпорынның (өндiрушiнiң) бағасына әсер ететiн факторларға талдау 3-а кестеде өзгертуi көрсетiлiп отырған өндiрiс шығындары құрылымына баға беру тұрғысынан жүзеге асырылады.
      Сатудың тиiмсiз құрылымының негiзгi себебi ескерiлмеген факторлар болған жағдайда ("Сату бағасы" және "Өнiмдердi сатып алуға арналған шығындар жиынтығы" жолдарының деректер сәйкестiлiгi арасындағы айырмашылық) сату шарттарын қосымша зерттеу қажеттiгi туралы тұжырым жасалады және осындай талдау бағыты ұсынылады.
      Едәуiр бөлiгi бөлшек сауда жүйесi арқылы өткiзiлетiн өнiм (тауарлар) бойынша қосымша талдау "Ұсақ көтерме сауда мен бөлшек сауда шығысылары" бөлiмi арқылы жүзеге асырылады.
      Сонымен бiрге барабар немесе осы тақылеттес өнiм (тауарлар) бойынша экспорттау жөнiндегi әлемдiк нарық бағаларының көрсеткiштерiмен "Сату бағасы" жолы арқылы мәлiметтердi салыстыруды жүзеге асырған орынды. Мұндай салыстыру қазақстандық өнiмдi (тауарларды) қазақстандық нарықтан тыс жерлерде сатып алу шарттары туралы тұжырым жасауға алғышарт жасауы мүмкiн, мысалы: демпингтi бағаларды қолдану, қазақстандық жеткiзушiлер тұрғысында құқықтық шектеудiң орын алуы және басқалары.
      Талдаудың қысқаша нәтижелерi мәтiн түрiнде "Сату құрылымының экономикалық тиiмдiлiгi туралы тұжырымдар, оны жетiлдiру, экономикалық, оның iшiнде ұсынылатын шаралардың бюджеттiк салдарына баға беру жөнiндегi шаралар" жолында берiледi.
      Тауар нарықтарының әр алуан секторлары бойынша өнiмдi (тауарларды) сатып алудың экономикалық шарттарына талдау жасау 4-кестенi қолдана отырып жүргiзiледi. Аталған кесте 3-кестеге ұқсас, бiрақ iшкi нарықта немесе импорттау бойынша өнiмдi (тауарларды) сатып алудың әр алуан нұсқалары кезiндегi қазақстандық сатып алушылардың шығындары туралы мәлiметтер берiледi.
      Кестенi толтырған кезде iшкi нарық шарттарына арналған "Ұсыныс бағасы" жолы бойынша кәсiпорынның (өндiрушiнiң) қоятын бағасы көрсетiлетiнiн ескеру керек, ол 3-кестенiң бiрiншi жолындағы мәлiметтерге сәйкес келуi керек. Iшкi нарық шарттары үшiн - қазақстандық сатып алушының меншiгiне өткен кезде, шетелдiк жеткiзушiнiң өнiмiне (тауарына) төлем жүргiзiлген баға ескерiлуi тиiс.
      Iшкi нарықта және импорт бойынша өнiм (тауарлар) сатып алу бағаларын салыстыра отырып, оның мемлекеттiк экономикалық саясатқа сәйкестiгi бөлiгiнде сатып алу құрылымының тиiмдiлiгi туралы тұжырымдар жасалуы, қажет болған жағдайда сатып алудың экономикалық шарттарының өзгеруi туралы ұсыныстар дайындалады.
      Импорттық және отандық өнiмдi (тауарларды) салыстыру оның сапасын, тұтыну қасиеттерiн ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс. Сондықтан өнiм (тауар) өлшемiнiң құны салыстыру кезiнде өнiмнiң (тауардың) тұтыну қасиетiн бiлдiретiн коэффициентке түзетiлуi мүмкiн, ол нысанға түсiндiрмеде көрсетiлуi тиiс.
      Талдаудың нәтижелерi бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады, ол 1-қосымшаға сәйкес толтырылған кестелердi қоса тiркеп, талдау жазбасы түрiнде рәсiмделедi, онда мынадай бөлiмдер болады:
      Кiрiспе.
      Қазақстан Республикасы бойынша iшкi және сыртқы нарықта өнiмдi (тауарларды) сатуға және сатып алуға талдау жасау.
      Тауар нарықтарының әр алуан секторлары бойынша өнiмдердi сату және сатып алудың экономикалық шарттарына талдау жасау.
      Әрбiр бөлiмнiң соңында тұжырымдар мен ұсыныстар топтастырылады. Талдау нәтижелерi, сондай-ақ кестелер мен басқа да безендiрулер түрiнде рәсiмделуi, жекелеген қысқа мәлiметтер мен кестелерге бөлiнуi мүмкiн.

             Тауар нарықтарында бәсекелестiк ортаға
                           баға беру

      9. Бәсекелестiк ортаға баға беру тауар нарығының сапалық және сандық өлшемдерiне талдау жасау негiзiнде жүргiзiледi: тауарлық және географиялық шекарасы, сатушылар мен сатып алушылардың құрамы, нарықтың тауарлық ресурстарының көлемi, нарықтағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үлесi, тауарлы нарық құрылымының сандық және сапалық көрсеткiштерi, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң нарықтық қуаты.
      Аталған өлшемдерге талдау жасау зерттелiнетiн тауар нарығы құрылымның қандай түрiнде жататынын анықтауға және ондағы бәсекелестiктiң даму немесе дамымау деңгейiн бағалауға мүмкiндiк бередi.

            4. Экономикалық талдау жасау және талдау
                  материалдарын әзiрлеу тәртiбi

      10. Экономикалық талдау Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бекiтетiн талдау материалдарын дайындау кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
      Салалық министрлiктер (Қазақстан Республикасының Ауылшарминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Құрылысминi, Энергиякөмiрминi, Мұнайгазминi) өздерiнде бекiтiлген өнiм (тауарлар) номенклатурасы бойынша тауар нарықтарының жай-күйiне талдау жасайды және 1-қосымшаға сәйкес талдау материалдарын, толтырылған кестелердi қоса тiркеп, талдау жазбасы түрiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне бередi.
      11. Iшкi және сыртқы нарықтарда өнiмдi (тауарларды) сату мен сатып алуға талдау жасау статистикалық ақпараттар негiзiнде "Тауарларды және өнiмдердi өткiзу туралы есеп", "Тауарларды экспорттау (импорттау) туралы есеп", "Материалдардың қалдықтары мен шығындары туралы есеп" түрiнде жүзеге асырылады.
      Өнiмдi (тауарларды) сату мен сатып алудың экономикалық шарттарына талдау жасау өндiрушiлер кәсiпорындарының және келiсiм бойынша өнiмнiң (тауарлардың) осы түрiн тұтынушының мәлiметi бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi ұсынылған талдау материалдарын қарауды, талдау материалдарының жиынтығын дайындауды, тауар нарықтарының жұмыс iстеу жағдайына баға берудi, оның дамуының негiзгi басымдықтары мен бағыттарын айқындауды, отандық өнiм (тауар) шығарушылар мен тұтынушыларды қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеудi, республикада өнiм өндiрудi еселей түсудi ұйымдастырады.
      Тауар нарықтарында бәсекелестiк ортаға баға берудi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жүзеге асырады, ол тауар нарықтарында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстар мен талдау жазбасын дайындайды.

     Дайындалған материалдар республиканың әлеуметтiк-экономикалық
дамуының жылдық болжамдарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкiметiне тауар нарықтарын басқару жөнiндегi талдау
жазбаларын, дәлелдемелердi және ұсыныстарды беру үшiн пайдаланады.
     Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi қажет болған
жағдайда осы Әдiстемелiк ұсынымдарға қажеттi өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзуге құқылы.

                                      Қазақстан Республикасы
                                      Премьер-Министрiнiң
                                      1996 жылғы 17 қыркүйектегi
                                      N 440 өкiмiне
                                      1-қосымша
                                        1-кесте

             Тауар нарықтарының жағдайын талдау кестелерi
        Өнiмдердiң (тауарлардың) даму көлемi мен сату құрылымы

     1. Өнiмдердiң (тауарлардың) атауы, жылдар
     2. Өлшем бiрлiктерi
     Сату көлемi
     3. Барлығы (4+5 бағандар)
     Соның iшiнде:
     4. Iшкi нарықта
     5. сыртқы нарықта (6+7 бағандар)
     Соның iшiнде:
     6. алыс шетел
     7. жақын шетел
     8. Жеткiзушiлерде өткiзiлмеген өнiмдердiң қалдықтары
___________________________________________________________________
     1                   |  2  |  3  |  4  |  5  |  6  |  7  |  8
___________________________________________________________________
Өнiмдердiң (тауарлардың)  атауы
1995 жыл - дерек
1996 жыл - баға
1997 жыл - болжам

     Ескерту: 3, 4, 5, 8 бағандардағы деректер (заттай көлемде және
              сату көлемiнен алғанда процент есебiнен бөлектеп
              көрсетiледi (3 баған), ал 6 және 7 бағандар, сондай-ақ
              заттай көлемде және экспорттау көлемiнен процент
              есебiмен бөлектеп көрсетiледi (5-баған).

                                                2-кесте

          Өнiмдердiң (тауарлардың) даму көлемi мен сату құрылымы

     1. Өнiмдердiң (тауарлардың) атауы, жылдар
     2. Өлшем бiрлiктерi
     3. Сатып алудың жалпы көлемi (4+5 бағандар)
     Соның iшiнде сатып алу көздерi
     4. Отандық өндiрiс
     Импорт
     5. Барлығы (6+7 баған)
     6. алыс шетелдерден
     7. жақын шетелдерден
___________________________________________________________________
             1              |  2  |  3  |  4  |  5  |  6  |   7
___________________________________________________________________
     Өнiмдердiң атауы
     1995 жыл - дерек
     1996 жыл - баға
     1997 жыл - болжау

     Ескерту: 3, 4, 5, 8 бағандардағы деректер заттай көлемде бөлектеп
              және сатып алу көлемiнен процент есебiмен көрсетiледi
              (3 баған), ал 6 және 7 бағандардың деректерi -заттай
              көлемде бөлектеп және импорт көлемiнiң процентi
              есебiмен (5 баған) көрсетiледi.

                                                   3-кесте

          Тауар нарықтарының әралуан секторлары бойынша
           өнiмдердi (тауарларды) сатудың экономикалық
                           шарттары

___________________________            Күнi:_______________________
 өнiмдердiң (тауарлардың)                      (жылы, айы)
     атауы
_____________________________________________________________________
Өнiмдердi (тауарларды)| Iшкi |  Өнiмдер (тауарлар) экспорты
сатудағы көтерме      |нарық |______________________________________
бағасына әсер ететiн  |      |Алыс |Жақын | соның iшiнде
факторлар             |      |шетел|шетел.|_________________________
                      |      |     |дерге |Ресей|Өзбек. |Беларусь
                      |      |     |      |     |стан   |
____________________________________________________________________
          1           |  2   |  3  |  4   |  5  |   6   |    7
____________________________________________________________________
Кәсiпорын (өндiрушi)
қойған баға
   мың теңге (өлшем бiр.
   доллар) өлшем бiр.
Соның iшiнде:
   кәсiпорынның пайдасы
   мың теңге (өлшем бiр.
   доллар) өлш. бiр.
Тиiмдiлiк, %
   Акциздер, %
   мың теңге (өлшем бiр.
   доллар) өлш. бiр.
Қосымша құнға қойылған
салық %
   мың теңге (өлшем бiр.
   доллар) өлш. бiр.
Арнайы салық, %
   мың теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Өнiмдердiң (тауарлардың) аса iрi
көтерме партияларын жеткiзу
жөнiндегi көлiк шығындары
   мың.тең. (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Соның iшiнде:
   ТМД және басқа елдер аумағы
   бойынша ел iшiндегi портта
   кемелерден жүк түсiру
Басқа да шығындар (қандай
екенi көрсетiлсiн)
   мың теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Өнiмдердi (тауарларды) сатып
алуға арналған шығындардың
жиынтығы
   мың теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
   Сату бағасы (аса iрi
көтерме) 
   мың теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.

              Шағын көтерме және бөлшек сауда шығасылары

Бөлшек сауданы ұйымдастыру
жөнiндегi саудаделдалдық
ұйымдардың шығындары
   мың теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Бөлшек саудаға жүктердi
жеткiзу жөнiндегi көлiк
шығындары
   мың теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Басқа да шығындар немесе
есептеулер (қандай екенi
көрсетiлсiн)
   мың. теңге (өлш. бiр
   долл.) өлш. бiр.
Бөлшек баға
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.


Сатулар құрылымының экономикалық тиiмдiлiгi туралы тұжырымдар, оны жетiлдiру жөнiндегi шаралар, ұсынылған шараларды iске асырудың экономикалық, соның iшiнде бюджеттiк салдарларына баға беру.
      Анықтама:
      1. Есеп айырысуға алынған АҚШ долларының айналымы теңге/долл.
      2. Өнiмге арналған баға бойынша әлемдiк нарықтардағы бағандау,

долл. өнiмнiң (тауардың) шыққан жерi, күнi, маркасы, түрi, сорты мен
көлемi көрсетiледi).
     Ескерту:
     1. Кестенi толтырған кезде өнiмдердiң бiрлiк нақты өлшемiне
арналған (т., кг., м. және т.б.) бағалар мен шығындардың бiрлiгi
көрсетiлсiн.
     2. Шағын көтерме және бөлшек сауда шығасылары бойынша деректер
тек қана шағын көтермемен және бөлшек саудада сатылатын өнiмдер
(тауарлар) жөнiнде толтырылады.

                                           3а-Кесте

          Өнiмдер (тауарлар) бiрлiгiн өндiруге арналған
                   шығындар құрылымының дамуы
                                                 (теңге)

     1. Өнiмдердiң атауы және өнiмдердiң өлшем бiрлiктерi, жылдары
     2. Өндiруге арналған шығындар. Барлығы
     Соның iшiнде:
     Шикiзат және материалдар
     3. Барлығы
     4. соның iшiнде көлiк шығындары
     Отын
     5. Барлығы
     6. соның iшiнде көлiк шығындары
     7. энергия
     8. еңбек ақы
     9. амортизация
     10. басқа да шығындар
     11. Өндiрiстiк қуаттарды пайдалану (%)
___________________________________________________________________
       1             |  2 |  3 |  4 |  5 |  6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11
___________________________________________________________________
   Өнiмдердiң атауы,
   өлшем бiрлiктерi

     1995 жыл - дерек
     1996 жыл - баға
     1997 жыл - болжам
                                              4-Кесте

            Тауар нарықтарының әртүрлi секторлары бойынша
           өнiмдердi (тауарларды) сатып алудың экономикалық
                                шарттары

___________________________            Күнi:_______________________
 өнiмдердiң (тауарлардың)                      (жылы, айы)
     атауы
_____________________________________________________________________
Өнiмдердi (тауарларды)| Iшкi |  Өнiмдердi импорттау
сатудағы көтерме      |нарық |______________________________________
бағасына әсер ететiн  |      |Алыс |Жақын | соның iшiнде
факторлар             |      |шетел|шетел.|_________________________
                      |      |дер  |дер   |Ресей|Өзбек. |Беларусь
                      |      |     |      |     |стан   |
____________________________________________________________________
          1           |  2   |  3  |  4   |  5  |   6   |    7
____________________________________________________________________
Ұсыныстар бағасы
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Кедендiк импорттық баж
салығы экю/өлш. бiр.
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Акциздер
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Сатып алушының көлiк
шығындары (жүктердiң аса
iрi көтерме партияларын
жеткiзу бойынша)
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Соның iшiнде:
тауарларды портта
өңдеудiң құны
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Салықтар (қандай екенi
көрсетiлсiн)
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Басқа да шығындар
(қандай екенi көрсетiлсiн)
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Сатып алуға кеткен
шығындар жиынтығы
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Сатып алудың нақтылы
(алдағы) бағасы
  мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.

               Шағын көтерме және бөлшек сауда шығасылары

Шағын көтерме және бөлшек
саудаға жүктердi жеткiзу
жөнiндегi көлiк шығындары
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Шағын көтерме және бөлшек
сауданы ұйымдастыру жөнiндегi
басқа да шығындар немесе
есептеулер (қандай екенi
көрсетiлсiн)
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Сауданың үстеме бағасы
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.
Өнiмнiң (тауардың) бөлшек
сауда бағасы
   мың. теңге (өлш. бiр.
   долл.) өлш. бiр.

Сатып алу құрылымының экономикалық тиiмдiлiгi туралы тұжырымдар,
оларды жетiлдiру жөнiндегi шаралар, ұсынылған шараларды iске асырудың
экономикалық, соның iшiнде бюджеттiк салдарларына баға беру.
     Анықтама:
     1. Есеп айырысуға қабылданған доллар айналымы, теңге/долл.
     ___________________
     2. Өнiмге арналған баға бойынша әлем рыноктарының бағамдары,
долл.________________ өнiмнiң (тауардың) шыққан жерi, күнi, маркасы,
түрi, сорты мен мөлшерi көрсетiледi).
     Ескерту:
     1. Кестенi толтырған кезде бағалардың өлшем бiрлiгi немесе
өнiмдердiң (тауарлардың) нақты бiрлiгiне кеткен шығындар
көрсетiледi (т., кг., м. және т.б.).
     2. Шағын көтерме және бөлшек сауда шығасылары бойынша
мәлiметтер тек қана шағын көтермемен және бөлшек саудада сатылатын
өнiмдер (тауарлар) жөнiнде толтырылады.

                                                   5-кесте 

              Iшкi және әлемдiк бағалардың дамуы

     1. Өнiмдердiң (тауарлардың) атауы және өлшем бiрлiктерi
     Iшкi баға
     кәсiпорын өндiрушi қойған баға
     2. теңге
     3. долл.
     салықты және көлiк шығындарын ескергенде
     4. теңге
     5. долл.
     Әлемдiк баға
     6. экспорттаудың (орташа) бағасы, долл.
     7. әлем рыноктарының бағамы, долл.
     8. Iшкi бағаның әлемдiк бағаға қатынасы, % есебiнен топ 3/топ.7
     9. Есеп айырысуға қабылданған доллар айналымы теңге/долл.
____________________________________________________________________
          1         |  1  |  2|  3  |  4 |  5  |  6 | 7  |  8  |  9
____________________________________________________________________

   Өнiмдердiң атауы,
   өлшем бiрлiгi

     1995 жыл - дерек
     1996 жыл - баға
     1997 жыл - болжам

                                                   6-Кесте

          Өнiмдердi (тауарларды) экспорттау бағаларының дамуы

     1. Өнiмдердiң (тауарлардың) атауы және өлшем бiрлiктерi, жылдары
     Алыс шетелдер
     баға
     2. долл.
     3. теңге
     4. Өткен кезеңдегi бағаның өсуi (кемуi), %
     Жақын шетелдер
     баға
     5. долл.
     6. теңге
     7. Өткен кезеңдегi бағаның өсуi (кемуi), %
     8. Есеп айырысуға қабылданған доллар айналымы теңге/долл.
___________________________________________________________________
           1         | 1 |  2  |  3  |  4  |  5  |  6  |  7  | 8
___________________________________________________________________

   Өнiмдердiң атауы,
   өлшем бiрлiгi

     1995 жыл - дерек
     1996 жыл - баға
     1997 жыл - болжам

                                              7 - Кесте

          Өнiмдердi (тауарларды) экспорттау бағаларының дамуы

     1. Өнiмдердiң (тауарлардың) атауы және өлшем бiрлiктерi, жылдары
     Алыс шетелдер
     баға
     2. долл.
     3. теңге
     4. Өткен кезеңдегi бағаның өсуi (кемуi), %
     Жақын шетелдер
     баға
     5. долл.
     6. теңге
     7. Өткен кезеңдегi бағаның өсуi (кемуi), %
     8. Есеп айырысуға қабылданған доллар айналымы, теңге/долл.
___________________________________________________________________
           1         | 1 |  2  |  3  |  4  |  5  |  6  |  7  | 8
___________________________________________________________________

   Өнiмдердiң атауы,
   өлшем бiрлiгi

     1995 жыл - дерек
     1996 жыл - баға
     1997 жыл - болжам

                                      Қазақстан Республикасы
                                      Премьер-Министрiнiң
                                      1996 жылғы 17 қыркүйектегi
                                      N 440 өкiмiне
                                      N 2 қосымша

         Өндiрiстiк-техникалық және ауылшаруашылық мақсаттағы
          аса маңызды өнiмдер түрлерiнiң тауар нарықтарының
                              Тiзiлiмi

     ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР НАРЫҒЫ

         Электроэнергиясы
         Мұнай
         Автомобиль жанар май
         Дизель отыны
         Жағармай мазуты
         Табиғи газ
         Көмiр

     МЕТАЛДАР НАРЫҒЫ

         Дайын қара металл прокаты
         Ақ қаңылтыр
         Ферроқорытпа
         Темiр рудаларының түйнектерi
         Катодты мыс
         Мырыш
         Қорғасын
         Глинозем

     МАШИНА ҚҰРЫЛЫСЫ ӨНIМДЕРIНIҢ НАРЫҒЫ

         Тракторлар
         Бульдозерлер
         Металл кесетiн станоктар
         Өңдейтiн жабдықтар мен шағын заводтар
         Автомобильдер
         Мұнайгазөңдейтiн және тасымалдайтын, су тазартатын және
         тау шахта жабдықтары

     ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МҰНАЙХИМИЯ ӨНIМДЕРI ТАУАРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ

         Полипропилен
         Полистирол
         Кальций карбиды
         Сарғыш фосфор
         Шиналар
            соның iшiнде: жүк автомобильдерi үшiн
                          жеңiл автомобильдерi үшiн
         Химиялық талшықтар мен жiптер
         Заттар сiңдiрiмдiлiгiн 100%-ке есептегендегi минералдық
         тыңайтқыштар

     АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНIМДЕРIНIҢ НАРЫҒЫ

         Астық (өңдеуден кейiнгi салмағы)
         Қант қызылшасы
         Майлы дақылдар тұқымы
         Картоп
         Көкөнiстер
         Жемiстер мен жидектер
         Жүзiм
         Iрi қара мал және құс (сою салмағы)
         Сүт
         Жүн (физикалық салмағы)
         Қаракөл және елтiрi
         Былғары шикiзаттары:
                iрiсi
                шағыны
                шошқаныкi

     ЖЕҢIЛ ӨНЕРКӘСIП ТАУАРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ

         Талшықты мақта
         Жуылған жүн
         Есiлген мақтамата жiбi
         Жүннен иiрiлген жiптер
         Мақтамата маталары
         Жүн маталары
         Жiбек маталар
         Қатты былғары тауарлары
         Хромды былғары тауарлары
         Юфтелген былғары тауарлар

     ОРМАН ЖӘНЕ АҒАШ ДАЙЫНДАУ ӨНЕРКӘСIБIНIҢ НАРЫҒЫ

         Iскерлiк ағаштар
         Кесiлген материалдар
         Ағаш жоңқаларының тақталары
         Ағаш талшықтарынан жасалған тақталар

     ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ

         Цемент
         Шифер 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады