Валюталық шот ашу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 17 қыркүйек N 442-ө
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкiнде валюталық шот ашсын. Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкiнiң валюталық шотын тендер жеңiмпазының валюталық қаржыларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң ағымдағы шотына аудару арқылы, сондай-ақ аталған тиiстi реквизиттер бойынша тендердiң өзге қатысушыларына кепiлдiк жарналарын қайтару үшiн транзиттiк шот ретiнде пайдаланылсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз