Оңтүстiк Кореяның өнеркәсiп орындарында тағлымдамадан өту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Респбуликасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi N 448. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.12.30. N 373-ө өкiмiмен. ~R970373

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Қазақстан Республикасынан 500 (бес жүз) адамды Оңтүстiк Кореяның өнеркәсiп орындарында тағылымдамадан өтуге тарту жөнiндегi Корея Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылға белгiлеген квотасын орындауды нақты iске асыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне Корея Республикасында тағлымдамадан өтуге және жұмысқа орналастыруға кандидаттарды iрiктеу мен жiберу жөнiндегi жұмысты уәкiлеттiк берiлген орган - Алматы қаласы әкiмiнiң еңбек жөнiндегi басқармасы жанындағы Жұмысшы мигранттар iсi жөнiндегi орталық арқылы ұйымдастыру тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      Корея Республикасына тағлымдамадан өтуге және жұмыс iстеуге баратын Қазақстан Республикасының азаматтарына визалық қолдау көрсетсiн;
      Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарын халықаралық келiсiмдерде белгiленген тәртiппен қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдессiн.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi мен оның уәкiлеттiк берiлген органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының Корея Республикасына шығуына қажеттi құжаттарды 10 күн iшiнде ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң немесе оның уәкiлеттiк берiлген органының жолдамасымен Корея Республикасына баратын Қазақстан Республикасының азаматтарын шұғыл және тегiн медициналық куәландыруды жүзеге асырсын.
      6. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының басқармасы Алматы қаласы әкiмiнiң еңбек жөнiндегi басқармасы жанындағы Жұмысшы мигранттар iсi жөнiндегi орталыққа Корея Республикасымен жасалған келiсiмдi iске асыруға қаржылық көмек көрсету үшiн қайтарымды негiзде кредит бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi осы әкiмнiң орындалуына бақылау жасасын және оның барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне тоқсан сайын хабарлап отырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады